Құрметті студенттер! «Бір ел – бір кітап» ұлттық акция аясында кітап оқуға шақырамыз: Әбіш Кекілбаевтің «Аңыздың ақыры» романы, Ә. Тәжібаевтің Лирикалық өлеңдері. Ақпараттық кітапхана орталығына жүгініңіздер.

Сырттай кезеңнен өту үшін байқауға қатысушылар ұйымдастыру комитетіне келесі құжаттар мен материалдарды жіберу қажет: конкурсқа қатысуға өтінім; портфолио (қағаз және электронды түрде); ғылыми хатшы растаған жарияланымдар тізімі; дипломдардың, сертификаттардың және Конкурсқа қатысушының жетістіктері туралы куәландыратын басқа да құжаттардың көшірмелері. Құжаттарды қабылдау 2018 жылғы 1 қазаннан бастап 2019 жылғы 1 ақпанға дейін жүзеге асырылады.

Ақпараттық-кітапхана орталығының оқу залында Қазақстан жастары жылына арналған «Қазақстанның болашағы – жастардың қолында» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сіздерді көрмеге келіп «Интеллектуалды ұлт», «Жас көшбасшылар», «Жастар әлемді өзгертеді» бөлімдеріндегі ұсынылған әдебиеттермен танысуға шақырамыз. Көрме мұғалімдерге, студенттерге, сондай-ақ еліміздегі жастар саясаты мәселелеріне қызығушылық танытатын кез келген оқырманға қызықты болады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті ҚМПУ-дың 80 жылдығына және университетке физика-математика ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Сұлтанғазин Өмірзақ Махмұтұлының есімі берілуіне орай «Сұлтанғазин оқулары» І халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.

Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің 80 жылдығына арналған алтынсарин оқулары «Білім беру машықтануының сапасын жоғарлатудың өзекті мәселелері»

  • Өтетін уақыты: 01 ақпан 2019 ж.
  • Өтетін орны : Қостанай қ., Тәуелсіздік көш. 118, конференц-зал

ақпаратты көшіру

2018 жылғы 30 қарашада сағат 17.00 мақсаты халыққа құқықтық мәселелер бойынша тегін білікті заң көмегін көрсету болып табылатын  «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясын өткізу жоспарлануда.

Акцияға жергілікті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, үкіметтік емес ұйымдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің және атқарушы органдардың заң қызметтерінің өкілдері қатысады.

Акцияны өткізу орны: Қостанай қаласы, Абай даңғылы, 28, 2 корпус.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы  № 128 бұйрығымен бекітілген «Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесінің» 7 тармағына сай «Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті» ШЖҚ РМК Ғылыми кеңесі 10.02.00 – Тіл білімі мамандығы бойынша «Қауымдастырылған профессор (доцент)» ғылыми атағына ізденуші филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Бекбосынова Асия Хасанқызының құжаттарын орналастырады.

Сілтеме:

2018 жылдың 19 мен 23 қараша аралығында қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы «Тіл мен әдебиет – рухани жаңғыру тетігі» атты оқу-әдістемелік апталығын өткізуді жоспарлап отыр. Ниет білдірушілердің барлығын кафедра апталығы аясында өтетін іс-шараларға қатысуға шақырамыз.

Сіздерді «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Алтынсарин әлемі» тақырыбы бойынша ҚМПУ профессоры, ақын, жазушы, филология ғылымдарының кандидаты Серікбай Оспановпен 09.11.18 ж. сағат 14:00 өтетін кездесуге шақырамыз. Өтетін орны: ҚМПУ, 814 ауд.

Сіздерді Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің ақпаратты кітапхана орталығының оқу залында өтетін педагог – жазушы С.Көбеевтің 140 жылдығына арналған «Заманын жырлаған жазушы» атты оқырман конференциясына шақырамыз . Мекен – жайымыз Пушкин көшесі 136 Кеш 2018 жылдың 5 қараша айында сағат 15.00 – де басталады.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Анонстар