ҚР Білім және ғылым министрлігінің пәндік олимпиадаларды өткізу кестесіне сәйкес 2012 жылы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының физика-математика және жаратылыстану факультеті ЖОО студенттерінің 5В011200 (050112)-Химия, 5В011000 (050110) - Физика мамандығы бойынша IV Республикалық пәндік олимпиадасын өткізеді. ЖОО-ы олимпиадаға 3 адамнан тұратын бір команда жібере алады. Командаға сол ЖОО-ның штаттағы оқытушысы жетекшілік етеді.

ақпаратты көшіру

Сіздерді Кеңес Одағының Батыры М.Ж.Мәметованың 90 жылдығына арналған «Ел азаттығына арналған ерлік» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға шақырамыз. Конференция Орал қ., М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде 2012 жылы сәуір айының 4 жұлдызында өтеді. Конференция жұмысына қатысуға қоғамдық және саяси қайраткерлер, ЖОО-дарының профессорлық-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар шақырылады. Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс.

ақпаратты көшіру

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мелекеттік университеті ҚР білім және ғылым министрлігінің қолдауымен 2012 жылдың 11-13 сәуір аралығында 5В011500 - «Құқық және экономика негіздері» пәні бойынша 1-4 курс күндізгі бөлім студенттері арасында IV Республикалық олимпиада өткізеді.

ақпаратты көшіру

2012 жылғы 5-6 сәуірде Қазақстан Республикасы Кіші ғылым академиясының (ҚР КҒА) Павлодар бөлімі Инновациялық Еуразия университетімен бірлесе ҚР КҒА-ның «Білім мен ғылым интеграциясы – болашаққа нық қадам» атты XXXVIII ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.

ақпаратты көшіру

Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті ҚР Гылым мен Білім Министірлігінің қолдауымен және Times Higher Education Халықаралық Университеттерінің рейтингісінің редакторы Фил Батидың ұйымдастыруымен Наурыздың 19-20 аралығында тақырыбы «Қазақстан Университеттерінің Times Higher Education Халықаралық Университеттерінің рейтингісіндегі тәжірбиелері» болатын халықаралық семинарды өткізеді.

ақпаратты көшіру

Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі қолдауымен жоғары оқу орындарында студенттік ғылыми қоғамдар жұмысының тиімді үлгілерін ұйымдастыру жөніндегі тәжірибемен алмасу мақсатында 2012 жылдың 16-17 наурызында ҚР жоғары оқу орындары студенттік ғылыми қоғамдарының «Жаңа әлемдегі жастар және ғылым» атты Республикалық форум өткізеді.

ақпаратты көшіру

Жамбыл гуманитарлық-техникалық университеті сіздерді «Қазақстандық қоғам және қазіргі ғылым: Келешек - жас ұрпақтың қолында» атты студенттік ғылыми-практикалық конференцияға 16-17 наурыз 2012ж қатысуға шақырады.

ақпаратты көшіру

Т.РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Халықаралық Бизнес Мектебі

Құрметті магистранттар мен жас ғалымдар! Сіздерді ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз «ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚСЫЗДЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ДАМУЫ». Конференция 2012 жылдың 22 ақпанында өтеді. Конференция аясында келесідей секциялар жұмыстарын өткізу жоспарлануда:

  1. Қаржылық тұрақсыздық жағдайындағы экономиканың нақты секторының салаларын дамытудың мәселелерi.
  2. Қаржы секторын басқаруды жетiлдiру: проблемалары және шешу жолдары.
  3. Біртұтас экономикалық кеңістік: ықпалдастық (интеграция) құралдары.

ақпаратты көшіру

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Конференциялар