Құрметті студенттер және жас ғалымдар! Сіздерді 2014 жылдың сәуір айының 8-11 күндері өткізілетін «Әл-Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдарға арналған халықаралық ғылыми конференцияға қатысуға шақырамыз.
Конференцияға қатысу үшін Қазақстан Республикасының және ТМД елдерінің студенттері, магистранттары және жас ғалымдары шақырылады.
2014 жылдың 4 сәуірінде Абай ат. ҚазҰПУ-нің филология және көптілді білім беру институтына қарасты шетелдіктерге арналған орыс филологиясы кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстан халықаралық білім беру кеңістігінде» атты 6 –шы жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы өтеді.
Академик М.Қозыбаев атындағы СҚМУ Саз-педагогикалық факультетінің «Психология» кафедрасы 2014 жылдың 28 ақпан күнінде «Тұлғаның психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу мәселелері» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.
2014 жылдың 26 ақпанында Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты «Қазақстан тарихын зерттеу мен оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбында аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.
Қарағанды «Болашақ» университеті 2014 жылы ақпан айының 21-22-ші жұлдызында өтетін «Заманауи әлемдегі ғылым мен білім» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысуға шақырады.
Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті 2014 жылғы 14 ақпанда «Келешек - 2014» студенттер мен жас ғалымдардың республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.
ҚЫМБАТТЫ ӘРІПТЕСТЕР! Сіздерді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 80 жылдығына арналған «Жүйелі биологияның даму келешегі» атты Халықаралық симпозиум жұмысына қатысуға шақырамыз! Симпозиум 2014 жылдың 7-8 ақпан айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінде өткізіледі (Алматы қ-сы, Қазақстан).
2014 жылдың 6 ақпанында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті филология факультеті қазақ тіл білімі және практикалық қазақ тілі кафедраларының ұйымдастыруымен дәстүрлі «Қазақ тілі – рухани өзегіміз» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция өткізіледі. Конференция филология ғылымдарының докторы, профессор Т.Әбдіғалиеваның 70 жасқа толуына арналады.
Сіздерді Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында өткізілгелі отырған қазақ ғылымы мен оқу-ағарту ісіне еңбегі сіңген ұлағатты ұстаз ф.ғ.д., академик Қалдыбай Бектаевтың құрметіне «Қ.Бектаев оқулары: Ақпараттандыру-қоғам дамуының болашағы» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция жұмысына қатысуға шақырамыз.
Халықаралық конференция Шымкент қаласы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында 2014 жылы 5-6 ақпан күндер аралығында өтеді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Конференциялар