М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті 2014 жылдың 5 желтоқсан айында өтетін «Тайманов оқулары – 2014» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырады.
27 қараша 2014 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен Елбасының қасиетті Ұлытау тауы баурайындағы толғаныстарына арналған
«Жаңа Қазақстанды қалыптастырудағы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тағдыркешті шешімдері» атты II Республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді
2014 жылдың 27-28 қарашасында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне байланысты «НАЗАРБАЕВ ОҚУЛАРЫ: Құқықтық мемлекетті қалыптастырудағы экономикалық юриспруденцияның ролі» тақырыбында ІІІ республикалық ғылыми-теориялық конференциясы өтеді.
«Қоғам игілігі үшін мәдениет, білім және ғылым» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Ұйымдастырушылар: «Тұран» университеті, «Тұран-Астана» университеті. Қазақстандық маркетинг қауымдастығы.
Өтілетін орны: Қазақстан, Алматы қаласы, «Тұран» университеті.
Өтетін күні: 21 қараша 2014 ж.

Қазақ технология және бизнес университеті Сіздерді «ЖАҢА ЗАМАНҒА – ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» атты оқушылар (9-11 сыныптар аралығында), студенттер, магистранттар мен оқытушылардың ХII Республикалық ғылыми практикалық конференциясына қатысуға шақырады.
Өткізу орны: Астана қ-сы, Республика даңғ., 54/2.
Өткізу уақыты: 20-21 қарашасында 2014 ж.

Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы «Қостанайдың жас көшбасшылары» ҚБ көмегімен 2014 жылдың 20 қарашасында «Қазақстандық тарих ғылымының жаңа әдіснамасы: ізденістер мен ашылулар» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.
Сізді Британ Кеңесі, «Назарбаев Университеті» Акционерлік қоғамы және «Кәсіпқор» Холдингі (әлемдік деңгейдегі колледждер желісін құру және дамыту жөніндегі ұйым) біздің «SEE Into the Future: Skills, Entrepreneurship and Employment in the 21st Century» тақырыбындағы бірлескен конференциямызға қатысуға ілтипатпен шақырады. SEE Into the Future Astana халықаралық конференциясы Қазақстан, Астана қаласы, Назарбаев Университетінде 2014 жылғы 18-19 қараша күндері өтеді.
2014 жылдың 14 қараша күні Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты «Шағын кешенді мектептерде заманауи оқытудың әдіснамалық және әдістемелік мәселелері» тақырыбында «Алтынсарин оқулары - 2014» Республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.
2014 жылдың 13-14 қарашасында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті Қазақстан Республикасында магистратураның ашылуына 20 жыл толуына арналған «Қазақстан Республикасы ғылымындағы жастар миссиясы» атты жас ғалымдар мен студенттердің ІV Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.

Сіздерді «Сырдария» университетінде өткізілгелі отырған «Инновация және білім беру технологиялары» тақырыбында сырттай халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысуға шақырамыз.
Халықаралық конференция Жетісай қаласы, «Сырдария» университетінде 2014 жылы 12 қараша күні өтеді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Конференциялар