Сіздерді «ЖАҢА ЗАМАНҒА – ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» атты оқушылар (9-11 сыныптар аралығында), студенттер, магистранттар мен оқытушылардың ХVI Республикалық ғылыми практикалық конференцияға қатысуға шақырады.
Өткізу орны: Астана қ-сы, Республика даңғ., 54/2.
Өткізу уақыты: 27-28 наурыз 2015 ж.
Өткізу уақыты: тіркеу сағат 09:00 басталады
VII Республикалық туризм бойынша студенттік олимпиада Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ., 26 наурыз 2015 жыл
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алады. Ең маңыздысы, сол кезде оған негіз қаланды, біз – бабаларымыздың ұлы істерінің жалғастырушыларымыз.» - деп атап өткеніндей, 2015 жылдың 21 наурызында Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ұйымдастыруымен «Бұқар жырау – даланың данагөйі, бірліктің батагөйі» студенттер мен магистранттарға арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізіледі.
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті (Семей қаласы) «Жастар және ғылым: аймақтық және ғаламдық қызығушылықтар» атты студенттердің халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырады.
Конференция 2015 жылдың 19-20 наурыз күндері аралығында өткізіледі. Мақалалар 2015 жылдың 06 наурызына дейін қабылданады.
2015 жылы наурыздың 17-18 жұлдызында Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының базасында «ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ - МӘҢГІЛІК ЕЛ ИДЕЯСЫ: ТАРИХИ ТАҒЫЛЫМЫ МЕН ТАҒДЫРЫ» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.
Этносаралық үйлесімдік Қазақстанның барлық әлем қауымы мойындаған бренді. Соны онан әрі сақтау Қазақстанның Мәңгілік ел болуының басты шарттарының бірі. Сондықтан этносаралық үйлесімділікті әртүрлі жағынан зерттеу, оның сақталу негіздерін, жетілу жолдарын іздеу ғылыми-зайырлы қауымның борышы. Осы мақсатта ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ (Алматы қаласы, Гоголь көшесі 114, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің № 1 оқу ғимараты) 2015 жылдың 17 наурыз күні Қазақстан халық Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «ЭТНОСАРАЛЫҚ ҮЙЛЕСІМДІКТЕГІ ГЕНДЕРЛІК ҮДЕРІСТІҢ РӨЛІ» (басталуы 17 наурыз сағ. 9.00.) атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.
Сіздерді Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті көрнекті ғалым К.Нұрпейісұлының 80 жылдығына арналған «Нұрпейіс оқулары» аясында өтетін «Тұлға. Ғалым. Ұстаз» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысуға шақырамыз. Конференция 2015 жылдың 13 науырызында өтеді.
Ұйымдастыру комитеті Сіздерді 2015 жылдың 13 наурыз күні Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының негізінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығына байланысты «Қазақстан халқы Ассамблеясы - қоғамдық келісімнің маңызды институты» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға шақырады. Аталған шараға білім беру мекемелерінің жетекшілері мен қызметкерлері, Қазақстан Республикасының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, сондай-ақ жақын және алыс шетелдердің білім және ғылым саласының өкілдері ғалымдары шақырылады. Конференцияның мақсаты: ұлттық бірлік пен әлемді сақтауға және күшейтуге бағытталған президент саясатының қағидаттарын зерттеу және насихаттау, ұлтаралық келісімнің қазақстандық үлгісін ары қарай жетілдіру жолында тәжірибені жинақтау және өндіру.
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мелекеттік университеті ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен 2015 жылдың 12-13 наурыз аралығында 5В011500 - «Құқық және экономика негіздері» пәні бойынша 1-4 курс күндізгі бөлім студенттері арасында VII Республикалық олимпиада өткізеді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2015 ж. 12-наурыз, сағ.: 10-00-де әйгілі ғалым, академик К.Н. Нұрпейістің туғанына 80 жыл толуына орай «Академик К. Нұрпейіс: өмірі, қызметі, ғылыми мұрасы» тақырыбына республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Конференциялар