2015 жылдың 4 желтоқсанында Еуразия гуманитарлық институты ЖОО-ның 20 жылдығына арналған «Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдардың қазіргі мәселелері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өткiзедi. Конференцияның мақсаты: қазіргі жағдайда гуманитарлық білім беру тәжірибелерін қорыту, келешектегі даму бағыттары мен трансформациялануын белгілеу.

ақпаратты көшіру

Сіздерді Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында 2015 жылдың 27 – 28 қарашасында өтетін «Бүгінгі театрдың даму мәселелері мен перспективалары» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми–практикалық конференция жұмысына қатысуға шақырамыз.
Конференция еліміздің тұңғыш кәсіби театр режиссері, ұлағатты ұстаз, профессор Асқар Тоқпановтың 100 жылдығы мен Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналып отыр.

ақпаратты көшіру

27 қараша 2015 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті «Жаңа Қазақстанды қалыптастырудағы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тағдыркешті шешімдері» атты III Республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді

ақпаратты көшіру

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ресей Федерациясының Білім және Ғылым министрлігі Орал мемлекеттік педагогикалық университетімен біріге 2015 жылғы 20 қарашасында «Білім беру инновациялары: ізденіс және шешімдер» атты ІІ-ші халықаралық конференциясын өткізеді.

ақпаратты көшіру

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде ҚР ҰҒА академигі Рахманқұл Бердібайдың ғылыми мұрасын зерттеу мақсатындағы «Бердібай оқулары» биылғы жылы екінші рет өткізгелі отыр. Сіздерді 2015 жылдың 20 қарашасында өтетін «Рахманқұл Бердібай және Ұлы дала руханияты» атты Республикалық ғылыми-теориялық конференциясына қатысуға шақырамыз.

ақпаратты көшіру

2015 жылдың 20 қарашасында Астана қаласында (Қазақстан) ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ 20-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «Қазақстан Республикасының этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік басқару және бұқаралық саясат: қоғамдық келісімді нығайтудағы басқару мен азаматтық қатысу технологияларын әзірлеу» атты ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТКІЗІЛЕДІ

ақпаратты көшіру

«Тұран-Астана» университеті 2015 жылы 13-14 қараша аралығында Қазақ хандығының (мемлекеттілігінің) 550 жылдығына және «Тұран-Астана» университетінің «Қазақстантану» ғылыми орталығының 10 жылдығына арналған кезекті халықаралық «Қазақстантану – 10» ғылыми конференция болатынын хабарлайды.

ақпаратты көшіру

2015 жылғы қараша айының 12-14 жұлдызы аралығында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде жаратылыстану саласындағы белгілі ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор Ақбасова Аманкүл Жақанқызының 70 жасқа толу мерейтойына орай «ХХІ ғасырдағы экологияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Конференцияға Орталық Азия, Түркия, Ресей, Еуропа мемлекеттерінен арнайы қонақтар мен баяндамашылар қатысады деп жоспарланып отыр.

ақпаратты көшіру

Құрметті әріптестер! Сіздерді Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында 2015 жылдың 12-13 қараша күндері өтетін «Бес институционалдық реформа- ел дамуының кепілі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысуға шақырамыз.

ақпаратты көшіру

«Қазақстан халқы Ассамблеясы» Жылына және Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылып отырған «Қазақстандағы мемлекеттік және этнос тілдері: қазіргі жағдайы мен болашақтағы даму бағдары» атты дөңгелек үстел жұмысына қатысуға шақырамыз.
Дөңгелек үстел 2015 жылдың 6 қарашасында өткізіледі.

ақпаратты көшіру

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Конференциялар