ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР! Сіздерді ҚР Қаржы министрлігінің «Қаржы академиясы» АҚ өткізілетін «Еуразиядағы интеграциялық үрдістердің инновациялық бағыттары» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік сырттай конференциясына қатысуға шақырамыз.
Конференцияға қатысу үшін 2015 жылдың 1 қарашасына дейін электрондық мекен-жайына жеке файлдармен қатысуға өтініш пен мақаланы жіберу керек. Хаттық тақырыбында «конференция» сөзін жазу міндетті. Файлдардың атына мақаланың бірінші авторының фамилиясын көрсету қажет. Конференцияның ұйымдастыру Комитеті материалдарды іріктеп, техникалық түзетулер енгізуге құқылы.
Конференцияға қатысу үшін 2015 жылдың 1 қарашасына дейін электрондық мекен-жайына жеке файлдармен қатысуға өтініш пен мақаланы жіберу керек. Хаттық тақырыбында «конференция» сөзін жазу міндетті. Файлдардың атына мақаланың бірінші авторының фамилиясын көрсету қажет. Конференцияның ұйымдастыру Комитеті материалдарды іріктеп, техникалық түзетулер енгізуге құқылы.
ҚҰРМЕТТІ МАГИСТРАНТТАР, СТУДЕНТТЕР! ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ КОРПОРАЦИЯСЫ ҚАЗАҚ-АМЕРИКА УНИВЕРСИТЕТІ Сіздерді 2015 ж. қазан айының 27-ші жұлдызында өтетін «EXPO-2017» Қазақстанның әлеуеті мен міндеті» атты жоғары оқу орындары арасындағы жас ғылымдардың, магистранттар мен студенттердің ғылыми-практикалық конференциясына шақырады
Қазақ Хандығының 550 жылдығы, Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Абай Құнанбаевтың 170 жылдығы, Шоқан Уәлихановтың 180 жылдығы, Мұстафа Шоқайдың 125 жылдығы құрметіне арналған «ҒЫЛЫМ және ӨМІР - НАУКА и ЖИЗНЬ» Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясына қатысыңыздар!
Конференция 24-25 қазанда 2015 ж. Алматыда өтеді. 23 қазан - тіркеу (11.00-20.00), 24 қазан - конференция (10.00-16.00), 25 қазан - Алматы қаласы мәдени орындарына экскурсиялар (9.30-14.00), марапаттау салтанаты (16.00-19.00). Келесі конференциялар 4-5 қарашада Семейде, 9-10 қарашада Атырауда, Алматы, Түркістан, Тараз қалаларында ноябрь, декабрь айларында өтеді.
2015 жылдың 22-қазан айында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институты, Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігі, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қазақ хандығы - Тәуелсіз Қазақстанның негізігі бастауы және Мәңгілік Ел» идеясы тақырыбындағы ғылыми-практикалық халықаралық конференция өткізуді жоспарлайды.
Сіздерді Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде 2015 жылдың13 қарашасындаөтетін,«Қозыбаев оқулары – 2015: ғылым мен білімнің даму перспективалары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның жұмысына қатысуға шақырамыз.
2015 жылғы 2 маусымда Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Серікбол Қондыбай зерттеулеріндегі ұлттық рухани мұраларды жаңаша пайымдау мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтудің тұжырымдамасы аясында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 2015 жылдың 29-30 мамырында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Қазақ хандығы мыңжылдықтар тоғысында: тарихи сабақтастық және қазіргі кезең» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті Алматы облысының облыстық соты және «Қазақстан заңгерлерінің одағы» РҚБ Алматы облысының филиалы қатысуымен 2015 жылдың 22 мамырында Қазақстан Республикасының Конституциясының 20 жылдығына орай өткізілетін «Болашақ Қазақстанның контекстіндегі Қазақстан Республикасының Конституциясы» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысуға шақырады.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 2015 жылдың 21-ші мамырында VIII Астана экономикалық форумы аясында «Тұрақты даму және Қазақстан Республикасындағы «жасыл экономика»: жағдайы мен перспективалары» атты халықаралық ғылыми конференция өткізуді жоспарлайды.
2015 жылдың 15 мамырында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті шет тілдерінде «Білім және ғылым тілдік тосқауларсыз» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.