2015 жылдың 24-25 сәуірінде С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті Қазақ хандығының құрылғандығына 550 жыл толуына арналған «Қазақ хандығы – 550 жыл: тарихы, әдіснамасы және заманауи түсінігі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.
 

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Хажеттепе университеті және Манас атындағы Халықаралық қырғыз-түрік университеті тарапынан 2015 жылдың 24-25 сәуір күндері аралығында Ахмет Ясауи университетінде «Педагогикалық ғылымдар және медициналық білім беру» атты тақырыпта халықаралық симпозиум өткізіледі.

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті 2015 жылдың 24-26 сәуір аралығында қазақтың ұлы ғалымы, тарихшы, этнограф, саяхатшы және ағартушы Ш.Уәлихановтың 180 жылдығына арналған дәстүрлі «Шоқан оқулары-19» Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны өткізеді.

2015 жылдың 23-24 сәуірінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты базасында 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша студенттердің VІІ Республикалық пәндік олимпиада өткізіледі.
 
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына және ЭКСПО-2017 көрмесімен ұштастырылған шараларға арналған «Жеңістің қайраты - болашақтың қуаты» («Свет Победы - энергия будущего») суретшілердің III Халықаралық байқауы туралы ЕРЕЖЕ
 
2015 жылдың 22 сәуірінде С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті ШҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының Мемлекеттік мұрағатымен бірлесе отырып, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Ұлы Отан соғысы: тарихы, әдіснамасы және заманауи түсінігі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.
 
Л.Н. Гумилев атындағы Ұлттық университеті 2015 жылғы 22-23 сәуір аралығында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы 3 урс студенттерінің арасында Республикалық олимпиада өткізеді.
 
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде 2015 жылдың 17 сәуірінде «Нұрлы жол» даму бағдарламасы: білім – ғылым – өндіріс» атты «Байтұрсынов оқулары–2015» Халықаралық ғылыми - практикалық конференциясы өткізіледі.
 

«ӘУЕЗОВ ОҚУЛАРЫ – 13: «Нұрлы жол» - еліміздің индустриалдық-инновациялық және әлеуметтік-экономикалық даму жолындағы стратегиялық қадам» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

Елі: Қазақстан Республикасы
Өткізілетін орны: Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5.
Өткізу уақыты: 16-17 сәуір 2015 ж.
Ұйымдастырушы: М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

 

Ұйымдастыру комитеті Сіздерді 2015 жылдың 3 сәуір күні Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты мен Павлодар облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы негізінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығына байланысты «Қазақстан хылқы Ассамблеясы - қоғамдық келісімнің маңызды институты» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға шақырады.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Конференциялар