2014 жылғы 19-21 маусымда Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Жасыл экономиканы» дамыту: өзекті мәселелері, құқықтық қамтамасыз ету» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіледі.
Шет тілдер және іскерлік карьера университеті Сізді 2014 жылы маусымның 06-08-і жұлдызында өтетін Алматы қаласы әкімдігі және Түркияның мемлекеттік Хитит университетімен бірігіп ұйымдастырған ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «ҚАЗАҚСТАН-2050 СТРАТЕГИЯСЫ: МӘҢГІЛІК ЕЛ» жылсайынғы Жолдауына арналған «ІІІ-халықаралық Түрік дүниесі экономикалық форумы» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады.
Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен 2014 жылғы 30 мамырда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті базасында мемлекет қайраткері Т.Жүргеновті еске алу құрметіне арналған «Орта Азия мен Қазақстандағы білім мен мәдениетті дамытудағы Т.Жүргеновтің рөлі және рухани мұрасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіледі.
«EXPO – 2017» көрмесіне дайындалу шегінде 2014 жылғы 19-20 мамырда еліміздің тұрақты даму жолына ауысуына негізделген экономиканың тұрақты әрі тиімді моделін құру шешімдерін іздестіру үшін «Жасыл экономика – адамзат болашағы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.
2014-жылдың мамыр айының 16-17 жұлдызы аралығында Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті (Тараз қ., Қазақстан Республикасы), Гази университеті (Археологиялық зерттеу орталығы, Анкара қ., Түркия), Санжы институты (Санжы қ., Қытай Халық Республикасы), Мәскеу мемлекеттік дизайн және технологиялар университеті (Мәскеу қ., Ресей Федерациясы), Тыва гуманитарлық зерттеулер институтымен (Қызыл қ., Тыва Республикасы, Ресей Федерациясы) бірлесе отырып «Әлемдік жаһанданудағы түркі өркениеті: мыңжылдықтар сабақтастығы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.
16 мамыр 2014 жылы мемлекет және құқық теориясы мен конституциялық құқық кафедрасы әлемге аты танылған ғалым-заңгер Ғ.С.Сапарғалиевке арналған «Сапарғалиев оқулары: «Қазақстан-2050» Стратегиясы тұрғысындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қалыптасудағы мәселелер» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырады.
2014 жылдың 15 және 16 мамыр «Қазақстанның қарқынды даму кезеңінде жаратылыстану – гуманитарлық білім беру және ғылымды жетілдіру мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіледі. Конференция жұмысы қазақ, орыс, түрік және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Конференция материалдары арнайы жинақ болып жарық көреді.
Халықаралық ғылыми-практикалық конференция: «Туризм, өлкетану және экологияның географиялық проблемалары». Алматы қ., 2014 жылғы 12-13 мамыр.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті 2014 жылдың 28-29 сәуір аралығында өтетін М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да «Ғаламдық бәсекелестік ортадағы заманауи білім беру» атты жаңашыл педагогтардың 2-ші Республикалық форумына қатысуға шақырады.
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті 2014 ж. 25-26 cәуірінде «М.Х.Дулати – тарихи танымы және қазіргі кезең» тақырыбында «VIIІ Дулати оқулары» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.