Өсімдактану және қолданбалы биология зертханасы
Кабинет нөмірі | 710 |
Кабинет алаңы | 49,3 ш. м. |
Кабинеттің ұйымдастыру күні | 2004 ж. |
Өсімдіктердің анатомиясы мен морфологиясын, төменгі және жоғары сатылы өсімдіктердің систематикасын зерттеуге арналған, электрондық бақылау күнделігін жүргізіп, бақылаудағы микроскопиялық объектілерді суретке түсіруге және бейнеүзінділер жасауға мүмкіндік беретін бинокулярлар мен фотоқондырғылармен жұмыс істеу мүмкіндігі бар зертхана.
Осы материалдар оқу және зерттеу жұмыстарына қолданылады. Зертханада ботаникалық циклдің пәндері бойынша оқу сабақтары өтеді және ғылыми зерттеулер жүргізіледі. Мұнда студенттер дала практикасы кезінде және жеке ғылыми жобаларды орындау нәтижесінде, экскурсияларда жинаған топырақ үлгілердің механикалық және химиялық құрамын анықтайды, өсімдіктерді кептіреді және кеппешөптеді өңдейді, өсімдіктердің түрлерін анықтайды.