Бедвочерлер клубы

Бедвочерлер клубы 2007 жылы сәуір айында ОО ОЭО «Наурзум» және ОО АСБК қолдауымен ұйымдастырылды. Оның ғылыми кураторы болып биология ғылымдарының докторы, профессор Т.М.Брагина; ғылыми кеңесшілері – биология ғылымдарының кандидаты, доцент Е.А.Брагин және биология ғылымдарының кандидаты, доцент Е.А.Валяева болып табылады.

Клуб жұмысы негізінен табиғатты қорғауға және оны насихаттауға, студенттердің ғылыми зерттеулер жүргізуіне, мектептерге жетекшілік жасай отырып, бірлескен акциялар, экологиялық мерекелер өткізуге бағытталған. Клубтың дәстүрлі іс-шараларының бірі жыл сайын өтетін күзгі экологиялық мереке «Тырналар күні» мерекесі, мұнда жойылып бара жатқан тырналар түрлері мен басқа да сирек кездесетін құстарды сақтауға жұртшылықтың көңілін аудару болып табылады.

bird

Бұл мерекеге факультеттің барлық студенттері қатысады, мұнда олар мерекені бірлесе өткізуге және дайындыққа бірге қатысады. Сол сияқты клуб жұмысында «Халықаралық құстар күні» экологиялық іс-шарасының да маңызы зор. Оның негізгі мақсаты - биоәртүрлілікті сақтауға балалар мен жасөспірімдерді тарта отырып, табиғатты қорғауға шақыру. «Құстар күні» тек қана ҚМПИ қабырғасында ғана емес, сонымен қатар, қала мектептерінде де өткізіледі. Бұндай жұмыстар студенттер мен мектеп оқушыларының, мамандардың және факультетті бітіріп кеткен түлектердің бірлесе жұмыс істеуі нәтижесінде жүзеге асып келеді.

Бедвочерлер клубының мүшелері қысқы кезеңде «Құстарға жем» акциясын өткізеді. Акция шегінде студенттер өз қолдарымен құстар үшін арнаулы ақырлар дайындайды және оларды құстар үшін ағаштарға іледі. Осы жұмыстарға барлық тұрғын халықтарды да тартады.

bird

Жыл сайын бедвочерлер жылдың суық маусымында қанатты достарын қолдау мақсатында «Құстарға жем» акциясын өткізеді

Клуб жұмысында негізгі орын ЭБП ҒЗО жетекші мамандарының жетекшілігімен студенттердің ғылыми- зерттеу жұмыстарын жүргізу болып табылады. Клуб мүшелері Қостанай облысының биоәртүрлілігін сақтау және зерттеу бойынша жобаларға қатысады.

bird

Бедвочерлер клубының мүшелері әр түрлі жаста болса да бірлесе жұмыс жасап, өте қызықты студенттік кезеңдерін бастан өткізуде.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Факультеттер Кафедры Бедвочерлер клубы