Тәрбиелік бағыт
Білім берудің жаңа моделіне көшу және білім беру үрдісіндегі тәрбие рөлінің артуы жағдайында филология департаменті студенттердің мәдени өміріне, бос уақытын өткізуге және спорттық өміріне, студенттермен идеялық-тәрбиелік (ұлттық-дүниетанымдық) жұмысты дамытуға, студенттердің бойында қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыруға, «Мәңгілік Ел» құндылықтарын дарытуға үлкен көңіл бөледі.
Тәрбие жұмысы университеттің және филология департаментінің тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес жүргізіледі. Кураторлардың тәрбие жұмысының жоспары департамент кеңесінің отырысында бекітілді. Тәрбие үрдісінде әр түрлі әдістер мен тәсілдер қолданылады: жеке әңгімелесу, ата-аналармен кездесу, жоғары курс студенттерінің бірінші курс студенттерімен тәжірибе алмасуы. Тәрбие жұмысын ұйымдастыруда кураторлардың қызметі зор маңызға ие. Мысалы, кураторлар топтарда келесі бағыттар бойынша іс-шаралар өткізеді:
- идеологиялық және азаматтық-патриоттық тәрбие;
- адамгершілік-құқықтық және отбасылық тәрбие;
- еңбек және кәсіби қызмет мәдениетін тәрбиелеу;
- салауатты өмір салтын және қауіпсіз өмір сүру дағдыларын, экологиялық мәдениетті қалыптастыру;
- этикалық, эстетикалық мәдениетті, тұрмыс және бос уақыт мәдениетін тәрбиелеу.
Сонымен қатар, кураторлық сағаттарда академиялық адалдық саясаты, ПОҚ және ЖОО-ның студенттерінің корпоративтік этика кодексі, ағымдағы үлгерім және сабаққа қатысым мәселелері талқыланады. Оқытушылар мен студенттер «Денсаулық күні» іс-шарасына, ҚР Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік концертке қатысады; Орыс драма театры мен Қуыршақтар театрына, Қазақ драма театрына, Облыстық өлкетану мұражайына барады; діни төзімсіздік көрсету элементтерімен байланысты профилактикалық іс-шараларға қатысады; Толстой атындағы облыстық кітапхана, Орыс драма және Қуыршақ театры өткізетін іс-шараларға қатысады.