Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасы
Мектепке дейінгі білім беру Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында басымды міндеттердің бірі ретінде белгіленген:
- мектепке дейінгі ұйымдардың желісін ұлғайту;
- мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту;
- мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз ету;
ҚР-ның Білім және ғылым министрлігінің қойған міндеттерін іске асыру мақсатында мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің мамандарын даярлау үшін мемлекеттік білім беру гранттарының саны артуда.
МДжББ кафедрасы екі бағыт бойынша мамандарды даярлайды:
1. 6В012 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы
Группа образовательных программ: В002 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу:
- 6В01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
Білім беру бағдарламасы 6В01201 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» «мектепке дейінгі білім беру бакалавры" академиялық дәрежесі беріледі болашақ тәрбиешілердің кәсіби даярлығын бітірушінің моделіне сәйкес және мектепке дейінгі білім берудің озық стандарттары негізінде жүзеге асырады. Кәсіби қызметінің объектісі: меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық үлгідегі және түрдегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы педагогикалық процесс ТжКБ педагогикалық колледждеріндегі педагогикалық процессі.
2. 6В013 Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау
Группа образовательных программ: В003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
- 6В01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Білім беру бағдарламасы 6В01301 "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі бакалавры" академиялық дәрежесін берумен Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіптік даярлығын бітірушінің моделіне сәйкес және бастауыш білім берудің озық стандарттары негізінде жүзеге асырады. Кәсіби қызметінің объектісі: меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық үлгідегі және түрдегі орта білім беру ұйымдарындағы педагогикалық процесс; педагогикалық колледждерде, ТжКБ-да педагогикалық процессі.
Білім беру саласының коды мен жіктелуі: 6В01 Педагогикалық ғылымдар
Бітіруші түлектердің моделі кәсіби құзыреттерді қамтиды:
- өзінің пәндік саласын терең білу және түсіну
- сыни ойлау және эмоциялық интеллект
- командада жұмыс істей білу
- көшбасшылық қасиеттер, кәсіпкерлік дағдылар, шешім қабылдай білу
- жеке сана мен академиялық адалдықтың жоғары деңгейі
- жаһандық азаматтық, бұл ретте өз елінің азаматы және патриоты болып қала отырып.
Студенттер білім беру бағдарламаларын меңгеру барысында белсенді оқу, әлеуметтік, ғылыми қызмет атқарады: ғылыми конкурстар мен педагогикалық олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болады; волонтерлік қызметпен белсенді айналысады, концерттік бағдарламалар мен шығармашылық конкурстарға қатысып жүлделі орындарға ие болады.
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының біліктілігі республикалық сараптау комиссиясының, Ұлттық тестілеу орталығында тест тапсырмаларын әзірлеушілердің, Республикалық әдістемелік кеңестердің, пәндік олимпиадалар мен ғылыми жұмыстар конкурстарының қазылар алқасының, халықаралық конференцияларға қатысушылардың қатысуымен расталады.
Студенттердің оқу және өндірістік практикасы