Меңдіқара ауданының құрметті азаматы
- Подробности
- Опубликовано: 21 декабря 2015
2015 жылғы 21 желтоқсанда Қостанай облысы Меңдіқара ауданының қоғамдық өміріне белсене атсалысып, мәдениетінің дамуы мен жас кадрларды, мемлекеттік қызметшілерді даярлауда қосқан елеулі үлесі үшін, тарих ғылымдарының докторы, тарих кафедрасының профессоры Аманжол Күзембайұлына Меңдіқара ауданының әкімі және аудандық мәслихат «Меңдіқара ауданының құрметті азаматы» атағын тапсырып, құрмет медалімен марапаттады. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты мен тарих және өнер факультетінің деканаты да осындай айтулы күнмен Аманжол Күзембайұлын құттықтап, облысымыздың ғылымы мен қоғамдық өмірін, мәдениетін дамытуда биік жетістіктерге жете беруіне тілектестіктерін білдіреді.