«Sanaly Urpaq - 2050» қоғамдық қоры «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жоғары және орта арнаулы оқу орындарының арасында буктрейлер форматында «100 жаңа оқулық» атты облыстық байқау өткізді. Буктрейлер – бұл кітаптың мазмұнын визуалдай отырып, ең жарқын және танылатын сәттерін қамтитын шағын бейнеролик. Осындай роликтердің мақсаты - кітап оқуды насихаттау, «100 жаңа оқулық» арнайы жобасы аясында аударылған кітаптарды кеңінен насихаттау. Бұл тапсырманы жақсы орындап, 2-орынды иемденіп, ақшалай ынталандыруға ие болған Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің 1 курс студенті Жантас Ораз болды. sanaly_urpaq2050 инстаграмм парақшасында облыстық байқаудың қорытындысымен танысуға болады.
«Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері» мемлекеттік мекемесінің тапсырысы бойынша «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын іске асыру аясында әлеуметтік маңызы бар жастар іс-шараларын ұйымдастыру және жылжыту» жобасы аясында буктрейлер түрінде жоғары және орта арнаулы оқу орындарының арасында «100 жаңа оқулық» аймақтық байқауы өтті. Буктрейлер - бұл кітаптың жарқын және танылатын сәттерін қамтитын, мазмұнын бейнелейтін миниатюралық ролик.
Тарихи сананы жаңғырту жоспарында "Бейнелеу өнері және сызу" білім беру бағдарламасының студенттері үшін өткен ұлы ойшылдар, ақындар мен билеушілердің бейнелер галереясын қалыптастыру идеясы ерекше қызығушылық тудырды. "Бейнелеу өнері және сызу" білім беру студенттері мен оқытушылары "Жаһандық әлемдегі қазіргі қазақстандық мәдениет" жобасын жүзеге асыруға өз үлесін қосуы керек деген шешім қабылдады. Студенттер мен оқытушылар үшін - бұл көрмелерге қатысу, онлайн интернет көрме форматында қатысуыда мүмкін. 2019 жылы шыққан түлектер Карева Татьяна, Гусева Валентина, Бурцева Анастасия, Каминская Виктория, Карабутова Анастасия, Кожевина Екатерина, Кашапова Ольга, Кулманов Азамат, Мендыбаева Валентина, Тренина Оксана, Орманбекова Елдана, Петрова Юлия, Шаймерден Танайым, Жүнісбек Саржан шығармашылық жұмыстарды дайындады.
2020 жылдың 20 сәуірінде "Орыс тілі мен әдебиеті" білім беру бағдарламасы және "Жеңіл орыс тілі" 2 курс студенттерінің әлеуметтік жобасы бойынша қазақ тілінде білім беретін 1 курс студенттері арасында "Рухани Жаңғыру – қазақстандықтардың рухани бағдары" атты эссе сайысы өтті. Байқаудың мақсаты студенттерді патриоттық және адамгершілікке тәрбиелеу, қазіргі Қазақстан тарихына қатысты сезімін арттыру, орыс тілін кеңінен насихаттау, өзін-өзі дамытуға дайын және танымдық іс-әрекетке дайын студенттерді қолдау.
Елбасы бастамашылық еткен "Рухани Жаңғыру" бағдарламасына 3 жыл толады. Осы уақыт ішінде жоба барысында рухани жандандыруға бағытталған көптеген іс-шаралар өткізілді. 16 сәуір күні "Орыс тілі мен әдебиеті" білім беру бағдарламасы "Ұлы Дала елінің дәстүрлері мен әдет – ғұрыптары – Қазақстан халқының бірлігі мен өзіндік ерекшелігін нығайтудың негізі" тақырыбында Зауре Уразбекқызы Карбеновамен сұхбат өткізілді. Зауре Уразбекқызы – педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының үш жылдығын атап өту қарсаңында «Орыс тілі және әдебиеті» білім бағдарламасында 2020 жылдың 6-шы сәуірінде «Нұр- Сұлтан- Еуразия жүрегі» атты онлайн диктант өтті. Диктанттың ұйымдастырушылары «Жеңіл орысша» атты әлеуметтік жобаның қатысушылары мен жетекшісі («Орыс тілі және әдебиеті» білім бағдарламасының 2 курс студенттері мен окытушысы Рядинская А.И.).
09.04.2020 күні сағат 15.00-де ҚР Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның тапсырмасына сәйкес Филология департаменті, қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының ұйымдастыруымен «Ұлыларды ұлықтаушы ұстаз» ақын, ғалым Серікбай Оспановпен онлайн кездесу өтті. Кездесуге қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының оқытушылары мен студенттері қатысты.
2019 жылдың 12 қыркүйегінде Қостанай облысының ішкі саясат басқармасы қоғаммен және жастармен «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» тақырыбында диалог алаңы форматында кездесу өткізді. Кездесуде жаңғырудың табыстылығының маңызды алғышарты болуы мүмкін ғылыми зерттеулерге баса назар аударылды.
2019 жылдың 10 қыркүйегінде Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасы аясында латыннегізді қазақ әліпбиінде жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты: латын негізді қазақ тілі әліпбиінің, «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері» жобасының практикалық тұрғыда меңгерілуін жан-жақты қамту, нақтылай түсу, өзін-өзі бағалау, бейімделу. Іс-шараға барлығы 106 студент тартылды.
2019 жылдың 30 сәуірінде Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінде Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Мемлекеттік қызмет: бірлік, келісім және тең мүмкіндіктер» атты салтанатты іс-шара өтті. Дөңгелек үстел жұмысына ҚХА кафедрасының профессоры, т.ғ.к. В.Г. Вишниченко қатысты. Ол жиналғандардың алдында сөз сөйлеп, келе жатқан мереке - Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтап, мемлекеттік қызметті жетілдіру және мемлекеттік қызметшінің кәсіби шеберлігін арттыруға қатысты өз ұстанымын айтып өтті.