2018 ж. 11 мамырда Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде Қазақстан халқының Ассамблеясы кафедрасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жаңа гуманитарлық білім. 100 жаңа оқулықтар қазақ тілінде» жобасын іске асыру мақсатында алғашқы қазақ тіліне аударылған он сегіз оқулықтарды талқылау өтті. Дөңгелек үстелдің ұйымдастырушылары - жобалық офистің басшысы Балғабаева Г.З., Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының кафедра меңгерушісі Евдокимова О.Н.
2018 жылдың 13-15 сәуір аралығында Астана қаласында орналасқан Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайында, «Болашаққа бағдар. Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстармен таныстыру мақсатында республикалық көрме өтті. Барлық шенді-шекпенді, кәсіпкер, ғылым, білім саласы мен БАҚ өкілдерінің басын қосқан арнайы көрмеде, біздің институт атынан іс-сапарға барған Жастар және суденттер ұйымымен жұмыс бөлімінің маманы Есімханов Қуаныш және Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы Дастан Мұратұлы Қостанай өңірінің, ҚМПУ дәріс беретін ұстаздар С. Оспанов, Ө.Исенов, Т.М.Брагин сынды жазушылар,
2018 жылдың 1 наурызы күні Қазақстан тарихы кафедрасының апталығы аясында қалалық мектеп оқушыларының интеллектуалды ойыны өткізілді. Сайыс 1 наурыз – Алғыс айту күні, Рухани жаңғыру бағдарламасы және Астананың 20 жылдығы мерекесіне арналды. Аталған сайысты кафедра оқытушылары Елкей Н.Н., Дастан Мұратұлы ұйымдастырды. Интеллектуалды ойынды тамашалауға оқу-әдістемелік бөлімінен маман-әдіскерлер шақырылды. Ойынға үш топ қатысты – «Алғырлар» №15 орта мектебінен, «Достық» №115 орта мектебінен, «Алтын қанат – Ақ Орда» №17 орта мектебінен.
2018 жылдың 21 ақпанында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, Филология факультеті Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен «Латын әліпбиі – қазақ тілінің жаңа көкжиегі» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің мақсаты - жаңа латын әліпбиінің құрамы, төл дыбыстарымыздың жеке әріптермен таңбалануы, басы артық дыбыстардан әліпбиден алып тастау, басы артық орфографиялық ережелерден арылу, қазақ тіліндегі сөздердің айтылуындағы өзгерістер, ұтатын және ұтылатын тұстары туралы мәліметтерді талдау.
2018 жылы 9 ақпан Алтынсарин оқулары барысында ақпараттық қолдау ретінде "Заманауи білім – қоғамның рухани жаңғыруының негізгі факторы» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде білім мазмұнын жаңарту, жас ұрпақтың рухани құндылықтарын қалыптастыру, мұғалімдердің кәсіби дағдыларын қалыптастыру материалдары ұсынылды. Келушілерді қызықтырған кітаптар: Образовательная политика: теории и концепции, тенденции и стратегии развития / А. К. Мынбаева, Ш. Т. Таубаева, А. А. Булатбаева, Н. А. Анарбек. – Алматы: Қазақ университеті, 2014., Исхакова, Э. В. Психологические условия формирования профессионального статуса педагога. - Алматы: Нур-Принт, 2015 және басқа да басылымдар.
2017 жылдың 14 желтоқсанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, Филология факультетінің ұйымдастыруымен «Қостанай облысы білім беру ұйымдарында қазақ әліпбиін латын графикасы негізінде енгізудің ұйымдастырушылық және әдістемелік жұмыстары» атты аймақтық дөңгелек үстел өткізілді. Аймақтық дөңгелек үстелдің мақсаты - «Латын әліпбиіне көшу» туралы өз ой-пікірімізді ортаға салу, болашақта латын графикасын кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асырудағы жоспарларымен бөлісу.
08.12.2017 жылы шетел тілі мамандығының 13-14-15 АР тобының 15 студенті Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 26 жылдығына арналған «Рухани жаңғыру – тәуелсіздік тірегі» тақырыбына эссе жазып, Елбасының «Болашаққа бағдар: Қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласының жүзеге асырылуына студент-жастардың қосып жаткан үлестері, оны ары қарай жалғастыру туралы ойларын ортаға салды. Ұйымдастырылған сайыстың мақсаты: студенттерді елжандылыққа тәрбиелеу, студенттердің әлеуметтік белсенділігін арттыру.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жүзеге асуының аясында Қоғамдық пәндер, құқық және экономика негіздері кафедрасы 7 желтоқсан 2017 жылы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты аймақтық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді. Бұл іс-шараның модераторлары болып кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы – ф.ғ.к., каф.меңгерушісі м.а., доцент Амантаева А.Б., т.ғ.к., доцент Ярочкина Е.В., тарих магистрі, аға оқытушы Жумабаева Ж.Н., ҚМПИ жоба орталығының жетекшісі т.ғ.к., профессор Балгабаева Г.З., және Қазақстан халық Ассамблея кафедрасының меңгерушісі, доцент Евдокимова О.Н., т.ғ.к., қашықтықтан оқыту және қосымша білім беру факультетінің деканы, доцент Самаркин С.В. болды.
2017 жылдың 16 желтоқсанда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Қазіргі әлемдік Қазақстан мәдениеті жоба бойынша ҚМПИ студенттер үйінде «Музыкалық білім мамандығының 3-4 курс студенттері мен аға оқытушы Ш.К. Есмаганбетова бірге ҚР Мәдениет еңбек сіңірген қайраткері Бакытжана Байкадамова композитор Қостанай облысында туған арнайы 100 жылдық «Әндер әдемі» атты лекция – концерт өтті. Студенттер оның музыкалық шығармашылық өмірбаянымен, музыкалық жүргізуімен танысты. ҚМПИ «Музыкалық білім» мамандығының студенттері хор аралас құрамы, комерлік орындаудың хор жүргізу композитор туындылары “Су тасушы кыз”, “16 кыз”, Курмангазы күйлері, Айжан кыз”, “Аксак киік”, “Акбай” арнайы қызығушылық танытты. Б. Тойшан, А. Балабеков домбыра дуэтімен 3 курс студенті Ж. Бозанова орындады.
2017 жылдың 20 қарашасында «Қазақтың ұлттық тілі мен әдебиеті - әлемдік кеңістікке , Рухани жаңғыруға апарар жол» тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқу-әдістемелік апталығын ашылуы өткізілді. Апталықтың ашылуын аға оқытушы Г.А.Сейсембайдың ұйымдастыруымен 2 курс ҚТмӘ-16-11, ҚТмӘ-16-12 топтары жүзеге асырды. Апталықтың ашылуына арналған іс-шарада мамандық студенттеріне танымдық мәні бар ақпараттар берілді, патриоттық мазмұндағы көркем шығармалардың оқылды, қоғам назарын аударып отырған Елбасы мақаласының негізгі бағыттарымен таныстырылды.