Аймақтық ғылыми-практикалық конференция «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жүзеге асуының аясында Қоғамдық пәндер, құқық және экономика негіздері кафедрасы 7 желтоқсан 2017 жылы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты аймақтық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді. Бұл іс-шараның модераторлары болып кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы – ф.ғ.к., каф.меңгерушісі м.а., доцент Амантаева А.Б., т.ғ.к., доцент Ярочкина Е.В., тарих магистрі, аға оқытушы Жумабаева Ж.Н., ҚМПИ жоба орталығының жетекшісі т.ғ.к., профессор Балгабаева Г.З., және Қазақстан халық Ассамблея кафедрасының меңгерушісі, доцент Евдокимова О.Н., т.ғ.к., қашықтықтан оқыту және қосымша білім беру факультетінің деканы, доцент Самаркин С.В. болды.

Конференция өткізу барысында Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі тіректеріне байланысты баяндамалар тыңдалды: қазақ тілінде 100 жаңа оқулықтар, «туған жер», «100 жаңа есімдер», «латиницаға көшу» және т.б.

Конференция жұмысына белсенді қатысқандар: «Мәңгілік Ел» ҒББО жетекшісі п.ғ.к., доцент Шаймерден Г.И., ф.ғ.к. Альшанова Б.Х., әлеуметтік ғылымдар магистрі Панияз Т.П., Ұзынкөл, Таран аудандарының орта жалпыбілім беретін мектеп мұғалімдері Сейтканова А.Н. және Умурзаков С.Е., «ҚЭН» мамандығының 3 курс студенті Темірбекұлы К., №1 Ұзынкөл орта мектебінің 10 сынып оқушысы Жусупова Д.

Конференцияға шақырылған арнайы қонақ А.байтұрсынов ат. ҚМУ Қазақстан тарихы кафедрасының кафедра меңгерушісі т.ғ.к. Исмаилов С.С.

Баяндамаларды тыңдап болғаннан кейін қатысушылар дискуссияға түсіп өз көзқарастарын айта бастады.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аймақтық ғылыми-практикалық конференциясының қатысушылары баяндамаларды тыңдап талқылап болғаннан кейін келесі ұсыныстар қабылданды:

  1. Қазақстан тарихы, Қазақстан халық Ассамблеясы, ҚП, ҚЭН кафедраларына Қазақстан тарихы, саясаттану және әлеуметтану жұмыс бағдарламаларына «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясына және Қазақстанның үшінші рухани модернизациясына арналған тарауларды қосу.
  2. Осыған сәйкес курстық және диплом жұмыстар тақырыбына өзгертулерді енгізу.
  3. ҚМПИ ғылыми-зерттеу жұмысының жоспарына осы тақырып бойынша жыл сайынғы ғылыми-практикалық конференцияларды өткізу туралы пунктті енгізу.
  4. ҚМПИ жаршысына сәйкесінше тарау қосу.
  5. ПОҚ-ң гуманитарлық профиль қатарынан жалпыұлттық патриоттық идея және Қазақстанның рухани модернизациясының мәнін талқылап насихаттау үшін АНТ (ақпараттық-насихаттау тобы) құру.
  6. АНТ қызметін және жоспарын қадағалау «Рухани жаңғыру» жобалық офисіне тапсыру.
  7. Институт студенттері алдында АНТ-а жалпыұлттық патриоттық идеясын насихаттауға және Қазақстанның рухани модернизациясын талқылауға «Рухани жаңғыру» жобалық офисі, «Мәңгілік Ел» ҒББО және ҚМПИ ОТЖ бірқатар көріністерді өткізуді ұсыну.

Қорытынды ретінде талаптарға сай мақалалар 2017 жылдың 7 желтоқсандағы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аймақтық ғылыми-практикалық конференция жинағына кіреді.

7-12-17

7-12-17

7-12-17

7-12-17

7-12-17

7-12-17

7-12-17

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті Аймақтық ғылыми-практикалық конференция «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»