24 қараша 2017 жылы ҚМПИ өнер кафедрасының аға оқытушысы Сапиев А.С. студенттерімен ҚМПИ студенттер үйінде «Қазіргі әлемдегі Қазақстан мәдениеті» жобасының «Рухани жаңғыру» бағдарлама бойынша 2016 жылдың Қостанай облысының меценаттар клубының иегері, Қазақстан республикасының суретшілер одағының мүшесімен кездесу болды. Студенттер суретшінің өмірбаянымен және суреттерімен танысты. Студенттерге ерекше қызығушылық туғызған автордың тарихи жанрлық шығармашылық жұмысы. Абылай хан, Еділ қаған, Қоркыт ата, Қозы Корпеш және Баян Сұлу портреттері, бүркітші суреттерде бейнеленген.
2017 жылдың 23 қарашада Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, Филология факультеті Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақтың ұлттық тілі мен әдебиеті - әлемдік кеңістікке, Рухани жаңғыруға апарар жол» атты оқу-әдістемелік апталық барысында «Латын әліпбиі - жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің мақсаты - Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы, латын әліпбиінің құрамы, төл дыбыстарымыздың жеке әріптермен таңбалануы, басы артық дыбыстардан әліпбиден алып тастау, басы артық орфографиялық ережелерден арылу, қазақ тіліндегі сөздердің айтылуындағы өзгерістер, ұтатын және ұтылатын тұстары туралы мәліметтерді талдау.
2017 жылдың 23 қарашасында жаратылыстану-математика факультетінің Химия мамандығының шәкірттері мен оқытушыларымен Ұлт Көшбасшысы – Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани Жаңғыру» мақаласын талқылау іс-шарасы өткізілді. Қоғамдық сананы жаңғырту мәселесі өзекті тақырыпқа айналды. Пікірталас барысында білім берудің гуманистік қызметі және технократия дәуірінің мүмкіндіктері жайында сөз қозғалды. Студенттер мен олардың тәлімгерлері білім беру жүйесінің жаңалықтарын белсенді талқылады.
2017 жылдың қараша айында орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында «Патриотизм және жастардың рухани жаңғыруы «тақырыбында бірінші курс студенттермен шығарма сайысы өткізілді. Сайысқа 45 студент қатысты. Сайыстың мақсаты: 1.Патриотизм мәселесін қалай ашуға болады? 2.Патриоттық идеяның мүдделері мен көзқарастары әртүрлі болатын жастардың сана – сезіміне қалай жеткізуге болады ? 3.Патриотизм қазіргі түсініктемеде қандай принцип пен құндылықтарға сүйену керек?
2017 жылдың 25 қазаны күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Студенттер үйінде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында студенттердің қатынасуымен дөңгелек үстел өтті. Аталған жиынды Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушылары Елкей Н.Н., Тастекова Г.Б. ұйымдастырып, институттың Жобалау орталығының бастығы, т.ғ.к., доцент Г.З. Балғабаева, Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, т.ғ.к. Ө.И. Исенов және студенттер қатынасты. Жиын барысында Г.З. Балғабаева, Ө.И. Исенов Бағдарламаның іске асырылуы және жастар арасында зор қолдауға ие болғандығы жөнінде өз пікірлерін білдірді.
Қазан айының 13-жұлдызында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының конференц залында институттың «Рухани жаңғыру» бөлімі және филология факультетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы бірлесе отырып, «Латын әліпбиі – рухани жаңғырудағы басты басымдықтардың бірі» атты дөңгелек үстел өткізді. Білім беру ұйымдарындағы "Мәңгілік ел" ұлттық идеясын жүзеге асырудағы өткізіліп жатқан іс-шаралар тәрбие жұмысы үшін түрткі және негізгі себеп.
2017 жылдың 13 қазанында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында ПОҚ және студенттердің қатысуымен, институттың конференц-залында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламасы – болашақтың темір қазығы» тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Жобалау офисінің басшысы Балғабаева Г.З. іс-шараға қатысушыларды Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында жалпықазақстандық менталитет және мәдени, ұлттық-тарихи дәстүрлерімізді ескере отырып, ұлттың интеллектуалды, рухани және шығармашыл әлеуетін жаңғырту шарттарын белгілеп бергенің атап кетті.
2017 жылдың 3 қазанында ҚМПИ жаратылыстану-математика факультетінде ҚР Президенті Н.А. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласын талқылау кездесуі өткізілді. Қарастырылған мақаланың бағдарламасын жүзеге асыратын болашақ мамандар болғасын тыңдаушылардың көбісі бірінші курс студенттері болды. Талқылау барысында бірқатар қоғамдық-саяси мәселелер қозғалды. Мысалы, бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық нақышты сақтау. Әсіресе білімге құштарлыққа ерекше назар аударылды.
Өнер кафедрасының бірінші курс кураторлары Қасаболат А. Ж., Жакаева К. А. , Архипова К.Г. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы бойынша студенттермен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Біртұтас Ұлт болу үшін Елбасымыз айтқан сара жолда әрбір жүрегі «Елім», «Қазағым» деп соққан азамат өте жоғары жауапкершілікпен Мәңгілік ел болу жолында жүрегінің отымен, кеудесіндегі өр намыспен еңбек етіп, жемісін келер ұрпақ бағалайтындай өмір сүруі керектігі айтылып, «Рухани жаңғырудың басты шарты – ұлттық кодты сақтай білу деп атап көрсеткендей, ұлттық кодымызды сақтау жолындағы басты құндылықтарымызды насихаттатуға, қорғап, қолдауға»,- бір кісідей жұмыла атсалысуымыз қажет деп Қасаболат А. Ж. Өз сөзінде атап өтті. Осы тұрғыда қолға алынып жатқан «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламаларды қолдауға, ұлттық салт-дәстүрлерімізді, қастерлеу керектігін бір ауыздан қолдауға тілек білдірді.
2017 жылдың 25 қыркүйегінде педагогика және психология факультетінің «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ. магистрі Кушмурзина Д.Х. және факультеттің 4 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу», «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтарының 1 курс студенттеріне Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылауға арналған кураторлық сағат өткізді. Онда, мақала бойынша «Бәсекелік қабілет», «Ұлттық бірегейлікті сақтау», «Білімнің салтанат құруы» деп берілген тарауларына баса мән беріліп, жан-жақты талқыланды.