Студенттер үйінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты дөңгелек үстел өтті

2017 жылдың 25 қазаны күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Студенттер үйінде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында студенттердің қатынасуымен дөңгелек үстел өтті. Аталған жиынды Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушылары Елкей Н.Н., Тастекова Г.Б. ұйымдастырып, институттың Жобалау орталығының бастығы, т.ғ.к., доцент Г.З. Балғабаева, Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, т.ғ.к. Ө.И. Исенов және студенттер қатынасты.

Жиын барысында Г.З. Балғабаева, Ө.И. Исенов Бағдарламаның іске асырылуы және жастар арасында зор қолдауға ие болғандығы жөнінде өз пікірлерін білдірді. «Тарих» мамандығының 3 курс студенттері Балта Тұрсынбек «Қоғамдық сананы қалып-тастырудағы тарих пәнінің мәні» пен Жұлдыз Адырбаева «Латиница как фактор формирования национального сознания» атты баяндамаларын оқыды.

Студенттерге видеолар көрсетіліп, аталған тақырып төңірегінде сұрақтар қойылды. Студенттер өз кезегінде Бағдарламаның маңыздылығы туралы өз ойларын ортаға салды. Жиын соңында белсене қатынасқан студенттерге арнайы сертификаттар тапсырылды.

 

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті Студенттер үйінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты дөңгелек үстел өтті