«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламасы – болашақтың темір қазығы» тақырыпта дөңгелек үстел өтті

2017 жылдың 13 қазанында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында ПОҚ және студенттердің қатысуымен, институттың конференц-залында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламасы – болашақтың темір қазығы» тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Жобалау офисінің басшысы Балғабаева Г.З. іс-шараға қатысушыларды Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында жалпықазақстандық менталитет және   мәдени, ұлттық-тарихи дәстүрлерімізді ескере отырып, ұлттың интеллектуалды, рухани және шығармашыл әлеуетін жаңғырту шарттарын белгілеп бергенің атап кетті.

Оқутышылар Қасаболат А.Ж., Абенов Д.Е., Кожмухамбетова А.С., Нұрмағамбетова Л.И., Ярочкина Е.В., Телегина О.С., Карбенова З.У. жасаған баяндамаларында болашақта жастар жетістіктерінің іргелі факторы болып табылатын білім алудың маңыздылығына үлкен назар аударылды. Филология факультетінің деканы Есиркепова К.Қ., аға оқутышы Искакова Ш.Қ. «Латын әліпбиіне көшу-заман талабы» тақырыбындағы баяндамаларында қазақ тілінің латын графикасына көшу жолындағы іс –шараларға тоқталып өтті.

13-10-17

13-10-17

13-10-17

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Рухани Жаңғыру Іс-шаралар хроникасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламасы – болашақтың темір қазығы» тақырыпта дөңгелек үстел өтті