Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылауға арналған кураторлық сағат
- Подробности
- Опубликовано: 25 сентября 2017
2017 жылдың 25 қыркүйегінде педагогика және психология факультетінің «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ. магистрі Кушмурзина Д.Х. және факультеттің 4 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу», «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтарының 1 курс студенттеріне Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылауға арналған кураторлық сағат өткізді. Онда, мақала бойынша «Бәсекелік қабілет», «Ұлттық бірегейлікті сақтау», «Білімнің салтанат құруы» деп берілген тарауларына баса мән беріліп, жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, осы жаңа дәуірдегі ұлттың рухани жаңғыру жолының алты бағдарына да жеке-жеке тоқталып, олардың маңызы туралы айтылып өтілді. Студенттер ерекше ықыласпен тыңдап, соңынан өз пікірлерімен, көзқарастарымен бөлісті.