«Қазіргі әлемдегі Қазақстан мәдениеті» жобасының «Рухани жаңғыру» бағдарлама бойынша Қостанай суретшілер шығармашылығымен танысу

24 қараша 2017 жылы ҚМПИ өнер кафедрасының аға оқытушысы Сапиев А.С. студенттерімен ҚМПИ студенттер үйінде «Қазіргі әлемдегі Қазақстан мәдениеті» жобасының «Рухани жаңғыру» бағдарлама бойынша 2016 жылдың Қостанай облысының меценаттар клубының иегері, Қазақстан республикасының суретшілер одағының мүшесімен кездесу болды. Студенттер суретшінің өмірбаянымен және суреттерімен танысты. Студенттерге ерекше қызығушылық туғызған автордың тарихи жанрлық шығармашылық жұмысы. Абылай хан, Еділ қаған, Қоркыт ата, Қозы Корпеш және Баян Сұлу портреттері, бүркітші суреттерде бейнеленген. СГФ деканның орынбасары Байдалы Р.Ж. Абылай хан портет жұмысына тоқталды. Қызылорда қаласының студенті оның отандасы аты аңызға айналған Қорқыт ата бейнеленген шығармашылығына қызығушылық танытты. Студенттер Сапиев А.С. алдағы шығармашылық жұмыстарына сәттілік тіледі!

24.11.17

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті «Қазіргі әлемдегі Қазақстан мәдениеті» жобасының «Рухани жаңғыру» бағдарлама бойынша Қостанай суретшілер шығармашылығымен танысу