Бұл тақырып орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында 2019 жылдың 25 сәуір айында өткен ғылыми-практикалық конференцияға арналды. Конференция шеңберінде «Қазіргі әдебиет», «Когнитивті лингвистика мәселелері», «Білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында орыс тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесінің өзекті мәселелері» үш секция жұмысы ұйымдастырылды. «Қазіргі әдебиет» секциясының жұмысы қазылар алқасы мүшелерімен бағаланды: Т.Р. Пчелкина ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор – қазылар алқасының төрағасы.
24.04.2019 жылы Жаратылыстану-математика факультетінің Жаратылыстану ғылымдары кафедрасының «География» мамандығының студенттері мен «Саяхат» өлкетану клубы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» тақырыбында «дөңгелек үстел» ұйымдастырып өткізді. Іс-шара «Қазақстанның 100 жаңа есімі» конкурсына қатысқан және осы тізімге енген Қостанай облысының атақты тұлғаларының жетістіктерін көрсету мақсатында ұйымдастырылды.
2019 жылдың 24 сәуірінде Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде Педагогика және психология факультетінің 1-2 курс студентеріне латын графикасына негізделген қазақ тілі емле ережесінің құрылымы мен мазмұнын таныстыру болды. Аталған шараға Қостанай облысы әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасының бөлім бастығы К.Ә.Бимағанбетов, латыннегізді қазақ әліпбиі оқу-әдістемелік кабинетінің аға ғылыми қызметкері Т.Т.Сейсембай қатысты.
2019 жылдың 9 сәуірінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында Психология және дефектология кафедрасында ұйымдастырылған дәстүрлі студенттік ғылыми конференция өтті. Ұйымдастыру ісіне жауапты психология және дефектология кафедрасының доценті, п.ғ.к. Назмутдинов Р.А., психология және дефектология кафедрасының оқытушысы, п.ғ.м. Сатыбалдина Р.А. Конференцияның мақсаты – студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ұсыну. Психология және дефектология кафедрасының оқытушыларының жетекшілігімен мемлекеттік және орыс тілдерінде кәсіби бағдарланған тақырыптар бойынша баяндамалар дайындалды.
Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасымен «Қазақ тілін латын графикасына көшіру» жобасын іске асыру шеңберінде латын негізді қазақ тілінің жаңа емле ережелерін Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде түсіндірудің 2019 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспары негізінде 28 наурыз күні филология және педагогика-психология факультетінің ұжымына жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері таныстырылды.
2019 жылдың 13 наурызы күні Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қостанай облысы әкімдігі Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Жалпыоблыстық диктант» өткізілді. Шараның мақсаты – жаңа қазақ әліпбиін насихаттау, жаңа әліпбидің емле ережелерін практикалық тұрғыда меңгерту, жазу дағдыларын қалыптастыру және жаңа жазуға бейімдеу. Диктант жазуға университеттің барлық мамандықтарының студенттері қамтылды. Жалпы саны – 88 адам қатысты.
28.02.2019 жылы "Рухани жаңғыру" бағдарламасын және Мемлекет басшысының "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласын жүзеге асыру мақсатында Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің жобалау кеңсесінде тарихи кино кеші өтті. Қазақстан тарихы кафедрасының тарихшылар мен профессор – оқытушылар құрамы Жанболат Мамайдың "Зұлмат"деректі тарихи фильмін қарап, талқылады. Көрсетілім алдында ҚМПУ жобалау кеңсесінің жетекшісі, Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Балғабаева Г.З фильмнің авторы Жанболат Мамайдың шығармашылығымен таныстырды.
15.02.2019 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті филология факультетінде «Латыннегізді қазақ әліпбиі» оқу-әдістемелік кабинеті ашылды. Кабинет жаңа қазақ әліпбиін көпшілікке үйретуде, қазақ тілінің жаңа емле ережелерін түсіндіруде әдістемелік көмек көрсетеді, тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыруға атсалысады. Ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырады.
Жаратылыстану ғылымдары кафедрасының әдістемелік апталығында "Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасын жүзеге асыру аясында 2019 жылы 15 ақпан күні аға оқытушы Ж. Т. Суюндикованың ұйымдастыруымен жаратылыстану-математика факультетінің "Биология" мамандығының 2 курс студенттерінің қатысуымен "Антропология тарихы мен теориясы" атты Алан Барнардтың кітабының тұсаукесері өтті. Тұсаукесерді өткізуінің мақсаты: студенттерді оқулықпен таныстыру, жас ұрпақты жалпы әлемдік зияткерлік құндылықтарға баулу және өскелең ұрпақтың білім деңгейін арттыруға ықпал ету.
2019 жылдың 13 ақпанында Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде Қазақстан Республикасының көрнекті мәдениет қайраткерлерінің қатысуымен «Заманауи әлемдегі дирижерлық өнердің қазіргі заманғы үрдістері» атты дөңгелек үстел өтті.Дөңгелек үстел Елбасымыз Н.А.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру - қоғамдық сананы жаңғырту» атты бағдарламалық мақаласына сәйкес ұйымдастырылған ІІ халықаралық дирижерлар форумы аясында өткізілді.