II Халықаралық дирижерлар форумы

2019 жылдың 13 ақпанында Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде Қазақстан Республикасының көрнекті мәдениет қайраткерлерінің қатысуымен «Заманауи әлемдегі дирижерлық өнердің қазіргі заманғы үрдістері» атты дөңгелек үстел өтті.Дөңгелек үстел Елбасымыз Н.А.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру - қоғамдық сананы жаңғырту» атты бағдарламалық мақаласына сәйкес ұйымдастырылған ІІ халықаралық дирижерлар форумы аясында өткізілді. Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның қазақ халық аспаптар оркестрінің 10 жылдығына бірінші Форум 2018 жылы өткізілді. Биылғы форум облыстық филармониядағы камералық оркестрдің 15 жылдығына арналған.Филармонияның камералық оркестрі 2004 жылы құрылған. Осы уақыт ішінде бұл ұжым Қостанай облысының көрермендері арасында танымал болды.

Биылғы жылы Дирижерлар форумына Қазақстан мен Ресей қалаларының танымал музыканттары қатынасты: Абзал Мухитдинов ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің кавалері, «Астана-Опера» мемлекттік опера және балет театрының музыкалық жетекшісіжәне дирижері (Астана қ.); Жалгасбек Бегендиков ҚР еңбек сіңірген әртісі, профессор, дирижер (Астана қ.); ДауренГлымов Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры (Астанақ.); Владимир Шкуровский Ресейдің Гнсин атындағы Ресей музыкалық академиясының «Душа России» оркестрінің көркемдік жетекшісіжәне жетекші дирижері (Мәскеу қ., Ресей); Ерлан Бейсенбаев Қазақ ұлттық өнер университетінің доценті (Астана қ.); Анатолий Заруба орыс халық аспаптары оркестрінің бас дирижері (Костанай қ.); Наталья Вильянова орыс халық оркестрінің дирижері (Костанай қ.); Тарас Мызин облыстық филормонияның дирижері (Костанай қ.); Берик Уразалин қазақ халық аспаптар оркестрінің бас дирижері(Костанай қ.); Аслан Утебаев қазақ халық аспаптар оркестрінің дирижері (Костанай қ.).

Дөңгелек үстелдің аясында дирижерлер - Абзал Мухитдинов, Жалгасбек Бегендиков, Владимир Шкуровский, Ерлан Бейсенбаев, Берик Уразалин, Назымбек Молдахметов - студенттерге музыкант шығармашылығын қалыптастырудың ерекшеліктері мен болашақ шығармашылығы туралы жоспарларымен бөлісті.

Фотогалерея

-

-

-

-

-

-

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз