«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы бойынша студенттермен түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Өнер кафедрасының бірінші курс кураторлары Қасаболат А. Ж., Жакаева К. А. , Архипова К.Г. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы бойынша студенттермен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Біртұтас Ұлт болу үшін Елбасымыз айтқан сара жолда әрбір жүрегі «Елім», «Қазағым» деп соққан азамат өте жоғары жауапкершілікпен Мәңгілік ел болу жолында жүрегінің отымен, кеудесіндегі өр намыспен еңбек етіп, жемісін келер ұрпақ бағалайтындай өмір сүруі керектігі айтылып, «Рухани жаңғырудың басты шарты – ұлттық кодты сақтай білу деп атап көрсеткендей, ұлттық кодымызды сақтау жолындағы басты құндылықтарымызды насихаттатуға, қорғап, қолдауға»,- бір кісідей жұмыла атсалысуымыз қажет деп Қасаболат А. Ж. Өз сөзінде атап өтті. Осы тұрғыда қолға алынып жатқан «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламаларды қолдауға, ұлттық салт-дәстүрлерімізді, қастерлеу керектігін бір ауыздан қолдауға тілек білдірді. Кездесу барысында шеберлік сынып ретінде студенттермен «Латын әліпбиіне көшудің» тиімді жолдары талқыланды, сонымен қатар туризмнің Қазақстанда дамуына ұсыныстар айтылды. «Туған жерге туың тік» бағдарламасы бойынша студенттердің елге деген патриоттық сүйіспеншілікті нақты істермен байланыстырғанда жүзеге асырылатыны айтылды. Нақты мақсаттар айқындалып, болашаққа жоспар жасалды.

2017-09-28

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы бойынша студенттермен түсіндіру жұмыстарын жүргізді