Астана қаласында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен көрме

2018 жылдың 13-15 сәуір аралығында Астана қаласында орналасқан Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайында, «Болашаққа бағдар. Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстармен таныстыру мақсатында республикалық көрме өтті.

Барлық шенді-шекпенді, кәсіпкер, ғылым, білім саласы мен БАҚ өкілдерінің басын қосқан арнайы көрмеде, біздің институт атынан іс-сапарға барған Жастар және суденттер ұйымымен жұмыс бөлімінің маманы Есімханов Қуаныш және Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы Дастан Мұратұлы Қостанай өңірінің, Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде дәріс беретін ұстаздар С. Оспанов, Ө.Исенов, Т.М.Брагин сынды жазушылар, тарихшылардың кітаптарын, ҚМПУ студенттерінің ғылыми жұмыстарын, «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен ғылыми-практикалық жұмыстарды осы көрмеде, көрермен назарына ұсынған болатын. Үш күнге созылған іс-шарада, көрме қонақтары біздің облысымызда атқарылған жұмыстармен танысып, тарихшыларымыздың еңбегін бағалап, мол ақпарат алды.

13 15.04.18 kspi astana

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар ҚМПУ-дың ақпараттық-түсіндірме тобы Астана қаласында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен көрме