Өнер кафедрасы Қазақстанның көрнекті қайраткерлерінің портреттері көрмесін ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізуде
- Подробности
- Опубликовано: 22 апреля 2020
Тарихи сананы жаңғырту жоспарында "Бейнелеу өнері және сызу" білім беру бағдарламасының студенттері үшін өткен ұлы ойшылдар, ақындар мен билеушілердің бейнелер галереясын қалыптастыру идеясы ерекше қызығушылық тудырды. "Бейнелеу өнері және сызу" білім беру студенттері мен оқытушылары "Жаһандық әлемдегі қазіргі қазақстандық мәдениет" жобасын жүзеге асыруға өз үлесін қосуы керек деген шешім қабылдады.
Студенттер мен оқытушылар үшін - бұл көрмелерге қатысу, онлайн интернет көрме форматында қатысуыда мүмкін. 2019 жылы шыққан түлектер Карева Татьяна, Гусева Валентина, Бурцева Анастасия, Каминская Виктория, Карабутова Анастасия, Кожевина Екатерина, Кашапова Ольга, Кулманов Азамат, Мендыбаева Валентина, Тренина Оксана, Орманбекова Елдана, Петрова Юлия, Шаймерден Танайым, Жүнісбек Саржан шығармашылық жұмыстарды дайындады.
Студенттер Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Яссауи, Төле би Әлібекұлы, Әйтеке би Байбекұлы, Абылай хан, Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Ықылас Дүкенұлы, Жамбыл Жабаев, Дина Нұрпейісова, Кенесары Қасымов, Сәкен Сейфуллин, Кенен Әзірбаев, Бейімбет Майлин, Молдахмет Кенбаев, Гүлфайрус Исмаилованың және т.б. портреттерін жасады. Студенттер Қазақстанның көрнекті қайраткерлерінің 35 портретін дайындады. Қазіргі уақытта аталған көрмені дайындау жұмыстары жүргізілуде.