"Ұлы Дала елінің дәстүрлері мен әдет – ғұрыптары – Қазақстан халқының бірлігі мен өзіндік ерекшелігін нығайтудың негізі" атты сұхбат
- Подробности
- Опубликовано: 16 апреля 2020
Елбасы бастамашылық еткен "Рухани Жаңғыру" бағдарламасына 3 жыл толады. Осы уақыт ішінде жоба барысында рухани жандандыруға бағытталған көптеген іс-шаралар өткізілді. 16 сәуір күні "Орыс тілі мен әдебиеті" білім беру бағдарламасы "Ұлы Дала елінің дәстүрлері мен әдет – ғұрыптары – Қазақстан халқының бірлігі мен өзіндік ерекшелігін нығайтудың негізі" тақырыбында Зауре Уразбекқызы Карбеновамен сұхбат өткізілді.
Зауре Уразбекқызы – педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор. 50-ден астам ғылыми еңбектері бар, "Этнокультурное воспитание студентов в полиэтнической образовательной среде" атты монографиясы мен оқу құралы жарық көрді. Сұхбатты "Орыс тілі мен әдебиеті" білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері жүргізді.
Сұхбатқа 1 курс студенттері көрермен ретінде қатысты. Зауре Уразбекқызы студенттермен қазақтардың салт-дәстүрлері туралы өз білімімен бөлісті, салт-дәстүрлердің халық өміріндегі маңызы туралы айтты, студенттердің назарын сирек кездесетін салт-дәстүрлерге аударды, қазақ отбасындағы ұлдар мен қыздардың тәрбиесінің ерекшеліктері туралы айтты.
Сұхбат жақсы өтті, студенттер Заура Уразбекқызына білімі мен тәжірибесі үшін үлкен алғыс білдіреді.