Елдің жаңғыруы – бұл бәсекеге қабілетті жастар
- Подробности
- Опубликовано: 12 сентября 2019
2019 жылдың 12 қыркүйегінде Қостанай облысының ішкі саясат басқармасы қоғаммен және жастармен «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» тақырыбында диалог алаңы форматында кездесу өткізді. Кездесуде жаңғырудың табыстылығының маңызды алғышарты болуы мүмкін ғылыми зерттеулерге баса назар аударылды.
ҚХА кафедрасының профессоры З.У. Карбенова қазіргі жастардың бәсекеге қабілеттілігі туралы мәселелерді талқылауға қатысты.
Ол өз сөзінде: «жаңғырту - бұл жалғасып жатқан процесс, сондықтан жастар жаңару мен жаңа идеялар арқылы өз болашақтарын құруға мүмкіндік алады. Жаңаруға ұмтылыс пен оның маңыздылығы - бұл біздің қоғам дамуының басты қағидасы екенін жастар түсінуі керек. Біз қазіргі заманауи Қазақстанды өз ақылымен, өз қолымен және дарындылығымен жасайтындарды жастарға көрсетуіміз керек» деп атап өтті.