БЖБАРИ-ға 50 жыл

27.11.15

2015 жылғы 27 қарашада Алматы қаласында Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты - «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы өзінің 50 жылдық мерейтойын атап өтті. Салтанатты шараға 300-ден аса адам қатысты, оның ішінде ҚР Білім және ғылым министрлігі мен халықаралық білім беру ұйымдарының өкілдері, Парламент депутаттары, ЖОО ректорлары, институт ардагерлері, білім басқармасының басшылары, әдістемелік кабинет жетекшілері, мектеп мұғалімдері болды.

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы филиалы басқармасының төрағасы Г.К.Ахметова Республикалық институт 50 жылдық қызметінде ұзақ қалыптасу жолынан өтіп, түрлі санаттағы педагог қызметкерлердің, басқару кадрларының кәсіптік деңгейлерін көтеруге, Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлестері туралы баяндап өтті. Осы жылдар ішінде мыңдаған қазақстандықтар, басқарушы кадрлар мен педагог қызметкерлер біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, білім беру жүйесіне инновациялық технологиялар енгізуде. Мерейтойда вице-министр Т.О.Балықбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Г.И.Исимбаева, British Council Қазақстандық филиалының басшысы Насыр Амери құттықтап сөз сөйледі.

27.11.15

Іс-шара барысында вице-министр БЖБАРИ кафедраларының басшылары мен жаттықтырушыларына, үздік оқытушыларға ведомстволық наградалар – «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі, «Ыбырай Алтынсарин» белгісін, құрмет грамоталарын тапсырды. Білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтер мерейтой иелері атына көптеген жылы сөздер айтып, тілектерін білдірді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз