Бақылау кеңесі отырысының қорытындысы
- Подробности
- Опубликовано: 17 октября 2016
2016 жылғы 17 қазан айында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында бақылау кеңесінің отырысы өтті. Бақылау кеңесі мүшелігіне Қостанай облысының түрлі саласында қызмет атқаратын белгілі тұлғалар кіреді. Сонымен қатар отырысқа Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Амангельдиевна Суханбердиева да қатысты. Ол бірауыздан бақылау кеңесінің төрайымы болып сайланды.
Күн тәртібінде «Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны басшысының бос лауазым орнына орналасу үшін, конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың жоо даму бағдарламасын қарастыру мәселесі тұрды.
Бақылау кеңесінің жұмысы барысында конкурсқа қатысушылардың бағдарламалары тыңдалып, талқылау өткізілді. Бақылау кеңесі мүшелерінің жасырын түрде дауыс беруі нәтижесінде, «Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ректоры бос лауазымына республикалық комиссияның қарастыруы үшін, келесі үміткерлер ұсынылды:
1. Еркін Аманжолұлы Әбіл;
2. Мұхтар Әділбекұлы Төлеген;
3. Римма Чингисовна Бектурганова.