ҚМПИ-да бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

26.04.12Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты тек білім беріп қана қоймай, сондай-ақ, өз түлектеріне жұмыс орнын табуға да септігін тигізеді. Соның жарқын бір көрінісі, ҚМПИ –да 2012 жылдың 26 сәуірінде биылғы түлектерге арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Жыл сайын ҚМПИ-дан 500-ге жуық түлектер тәрбиеленіп, өмір жолына аттанады. Міне сол болашағынан үміт күттіретін жас мамандарға арналып, жылда институт басшылығы бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырады. Бұл іс-шара қанаты қатаймаған жастарға жұмыс орнын тауып, өмірден өз жолын таңдауға үлкен септігін тигізетіні анық.

Биылғы жәрмеңкеге облыстық білім басқармасының өкілдері, аудандық білім бөлімдерінің басшылары, мектеп директорлары және мектепке дейінгі мекемелердің жетекшілері белсене қатысты. Бас қосуда сөз алған облыстық білім басқармасының бастығы М.Қ. Жүндібаев қазіргі еңбек нарығына жалпылама жолу жасап, соның ішінде педагогикалық мамандықтардың қажеттілігін, жетпей жатқандығына тоқталды. Сонымен қатар, М. Жүндібаев болашақ ұстаздарға қазір облысымызда атқарылып жатқан, «Дипломмен ауылға» жас мамандарды қолдау жобас жайында ақпарат берді. Ал ҚМПИ ректоры Қ.М. Баймырзаев өз сөзінде педагогикалық жоғары оқу орны, студент және жұмыс берушінің арасындағы қарым-қатынастыққа баса назар аударды. Сондай-ақ, қазіргі заман талабына сай, білім беру менеджерлерін дайындауда нақты жұмыстың атқарылатын кезінің келгенін атап өтті.

Жәрмеңкеге келген жүздеген институт студенттерінің басым көпшілігі өзі білімдерін, тәжірибелерін қолданатын орын тауып, жұмыс берушілерге түйіндемелерін беріп ақпарат алмасты. Болашақ ұстаздар жұмыс берушілермен көзбе-көз әңгімелесіп, өздерін толғандырған мәселелерге сол жерде жауап ала алды. Көкей кесті әңгіме қызған үстел басы құдды бір кадр бөлу орталығы іспетті.

26.04.12
26.04.12
26.04.12
26.04.12
26.04.12

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Рухани Жаңғыру Іс-шаралар хроникасы ҚМПИ-да бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті