Түлектерге диплом берілді

20.06.12Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты түлектерімен қоштасуда. Біздің институт білікті де, білімді қоғам өміріндегі ең маңызды мамандық иелерін даярлайды. Түлектер біздің мақтанышымыз.

Ақ жарма тілектермен маусым айында әр факультет өз түлектеріне салтанатты жағдайда дипломдарын табыстады. Мерекелік жинында институт ректоры Қ.М. Баймырзаевтың атынан проректорлар түлектерге үлкен табыс, алдағы баспалдақтардан сүрінбей, алған білімдері әрқашан жеңіске жолықтырсын деген ақ тілектерін айтты. Сондай-ақ, ата-аналар, ұстаздар да сөз алып, қиын да қызықты студенттік өмірмен қоштасып отырған кешегі студент, ертеңгі білікті мамандарға ақ жол, сәт сапар тіледі. Түлектер өз кезектерінде төрт жыл бойы білім нәрімен сусындатқан ұстаздар қауымына алғыстарын жаудырып, гүл шоқтарын аямады.
Ақ тілектер мерекелік­концерттік бағдарламамен жалғасып, жиын көркін одан әрі қыздыра түсті.
 
20.06.12
20.06.12

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Рухани Жаңғыру Іс-шаралар хроникасы Түлектерге диплом берілді