1 қыркүйек білім күні

01.09.20121 Қыркүйек білім күні. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында әдеттегіден адам көп жиналған. Кешегі талапкер бүгін студент атанған жастар, енді бірі келесі курсқа көшкендер білім іздеп қарашаңырақтың табалдырығын аттады. Бұл олардың үлкен өмірге, ғылым, білім жолына басқан алғашқы тың қадамдары еді. ҚМПИ оларға құшағын айқара ашып, сәттілік тілеп тұрғандай.
Алдымен сөз алған институт ректоры, профессор Қ.М. Баймырзаев жаңа оқу жылында студенттерге ақжарма тілегін айтып, сәттілік тіледі. Сондай-ақ, салтанатты жинға келген қонақтар ардагерлер, қалалық білім бөлімінің өкілдері, оқу үздіктері өздерінің жылы лебіздерін жеткізді.

Биыл облысымыздың үздік институты 1000-ға жуық жаңа студентке есік ашты. Олардың арасында көпшілігі «Алтын белгi» иегерлері, халықаралық және республикалық олимпиадалар, ғылыми байқау мен жобалардың жеңімпаздары.
Білім күніне арналған салтанатты жиыннан кейін факультеттерде «Мемлекеттік рәміздер – біздің абыройымыз» атты тақырыппен ашық сабақтар өтті. Оған облысымыздың белді спортшыларымыз әр жылдардағы Олимпиада, Азия ойындарының жеңімпаздары мен қатысушылары, жатықтырушылары мен тәлімгерлері қатысты.
Біз де студенттерге қадамыңыз құтты болсын, қарашаңыраққа қош келдіңіздер деген тілек айтамыз.
 
01.09.2012

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Рухани Жаңғыру Іс-шаралар хроникасы 1 қыркүйек білім күні