STARTUP WEEKEND KOSTANAY 2012

17.09.2012Қостанай мемлекеттік педагогикалық институт базасында облыстық Atameken Startup Weekend жобасының кезекті кезеңі өтті. Бұл республикалық жоба Қостанай өлкесінде белгілі бір рекордтарға ие болды: тіркелген адамдар саны – 218, ал идея саны 59 болды.

Қостанай өзінің ауыл шаруашылық астанасының мәртебесін дәлелдеді: жобалардың көбі осы саламен байланысты болды. Қазылар алқасы 3 орынды «Motor Springs» командасына берді, олардың идея көлік жүргізушілерге жан жақты көмек көрсетуге негізделген. Екінші орын болса, «Feed Optimum» команданың еншесінде. Ал ең басты жүлдені, 1 орын мен оған қоса 300 мың теңге Қостанай мемлекеттік университетінің «Свет» командасы алған болатын.

Біз өз кезегінде «Motor Springs» командасының құрамындағы институтымыздың ЖІБК басшысы Саят Шаймурунов пен ҚМПИ 3 курс студенті Данияр Байгереевті 3 орын алғандарымен шын жүректен құттықтаймыз!

Жанна Тынымбаева, БО жетекшісі

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз