Қостанайдан Түкістанға марафон

21.09.12Бір топ қостанайлық желаяқ Қостанайдан Түркістан қаласына аттанды. Олар бұл сапарларын өткен конституция күніне арнап отыр. Мақсаттары -айбынды ата заңымызға негіз болған жеті жарғының авторы Тәуке ханның мазарына барып тағзым ету. Марафоншылар құрамында 13 адам бар. Тарихы тереңнен сыр шертетін қасиетті Түркістан қаласына сапарға биылғы жылы спорт ардагерлерімен қатар жоғары оқу орындарының 6 студенті аттанды. Олардың 4-і Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері. Марафоншылар Арқалық қаласының үстімен Жезқазған, Қызылорда облыстарын басып өтеді. Қостанайлық саяхатшыларды ұзақ сапарға шығарып салуға жиналғандардың қарасы көп болды. Жоғары оқу орындарының студенттерімен қатар ректорлар да келіп сәт сапар тіледі.Марафоншылар алты күн ішінде екі мың шақырымды жүгіріп өтіп, 25-ші қазанда қасиетті Түркістанға ат басын тірейді. .

21.09.12

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Рухани Жаңғыру Іс-шаралар хроникасы Қостанайдан Түкістанға марафон