Жастар ісі бойынша комитетінің жаңа маусымның ашылуы

01.10.2012ЖІБК алғашқы жиналысы қыркүйек айында өтті. Комитет басшылығы жаңадан келген студенттермен кездесуді өткізу барысында ЖІБК жұмысы жайлы сөз айтып, әр ұйым туралы баяндаған болатын. Сонымен қатар, Саят Шаймурунов бастамасымен жұмыс істеп жатқан әр студенттік ұйымының жетекшілері өз істері жайлы мағлұмат айтқан болатын. Бұл ақпарат, сөзсіз, әр студентке үлкен пайда тигізді. Енді олар студенттер Альянсының жаға «аскері» бола ма, «Парасат» дебат клубына қосыла ма әлде біздің баспасөз орталығының тілшісі бола ма шеше алады.

Ал бұл жиналыстан екі апта өткен соң, сүйікті институтының өміріне белсенді араласатын студенттер ЖІБК дәстүрлі жаңа маусымның ашылуына барды. Жаздың ішінде жастарымыздың көптеген жаңа идеялары пайда болып, енді оларды жүзеге асыруға дайын деп ойлаймыз!

Жанна Тынымбаева, БО жетекшісі

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Рухани Жаңғыру Іс-шаралар хроникасы Жастар ісі бойынша комитетінің жаңа маусымның ашылуы