Талапкерлерге ашылған «Ашық есік күні»

29.03.13Бүгінгі күні мектеп бітіруші түлектерді ерекше толғандырып отырған басты мәселе – мамандық таңдау. Олардың алдында сан тарау жол жатыр, алуан түрлі мамандық күтіп тұр. Әр жүректе бір арман. Ол – қоғамға қажетті мамандық таңдап, қалаған мамандығының иесі болу. Осы орайда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты мектеп оқушыларына жыл сайын көмекке келуде. Институт ректоры Қ.М.Баймырзаевтың бастамасымен мектеп бітіруші түлектерге кәсіби бағдар беру мақсатында оқу орнында дәстүрлі түрде ашық есік күні өткізіліп тұрады. Бұл бастама – мұғалімдік мамандықтың мәртебесін көтерудің де тиімді жолдарының бірі.29.03.13 2 2013 жылдың 29 наурызында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор М.Ә.Төлегеннің ұйымдастыруымен мектеп түлектеріне кәсіби бағдар беру мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді. Дәстүрлі түрде өткізіліп отыратын Ашық есік күні институттың облыстық, қалалық, аудандық білім басқармаларымен, мектептермен, колледждермен ғылыми-әдістемелік, шығармашылық, тағылымдық байланысын бұрынғыдан да нығайта түсті. Ашық есік күніне мектеп оқушылары, колледж түлектері мен ата-аналары шақырылды. Қатысқан қонақтар саны 409 болды, олардың 70-і білім басқармасының қызметкерлері, мектеп директорлары мен ұстаздар.

Ерекше атап өтетін жағдай бұл салтанатты іс-шараға институтымыздың алдыңғы қатарлы түлектері ҚР БжҒМ білім саласындағы бақылау департаментінің бастығы Б.Б.Даумова, Қостанай облысының білім басқармасының бастығы А.Қ. Турткараева, Қалалық білім бөлімінің бастығы В.А. Цымбалюк қатысты.

Іс-шара барысында қонақтар институт студенттерінің шығармашылық жұмыстарымен танысты. Институт тарихымен таныстырылып, факультеттерге виртуальды саяхат жасалды. Студенттердің күшімен шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Кездесу соңында қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Огиенко Н.А. ЖОО қабылдау шарттарымен, қабылдау сынақтарына дайындықтар туралы хабарлама жасады. Акт залында болған Ашық есік күнінің ашылу рәсімінен кейін оқушылар таңдаған факультеттер бойынша бөлініп, өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап алды, факультеттерде интелектуальдық ойындар ұйымдастырылды.

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов айтқандай «Адамдық тұқымын себуші, адамдық диқаншысы», қоғамға ең қажетті, сұраныс та ешқашан төмендемейтін мұғалімдік мамандықты таңдаған шәкірттерге сәттілік тілеп, ойлаған мақсаттарына жетулеріне тілектестік білдірдік.

Ашық есік күніне келген мектеп оқушылары мұғалімдік мамандықтың ерекшеліктерін түйсініп, таңдаған мамандықтарының мәні мен маңызы туралы мол хабар алып, өз таңдауларының дұрыстығына тағы бір мәрте көз жеткізіп кетті деген сенімдеміз.

 

29.03.1329.03.13

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Рухани Жаңғыру Іс-шаралар хроникасы Талапкерлерге ашылған «Ашық есік күні»