«Ұлылардың ұлағаты»

10.06.20132013 жылдың 10 маусым күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында оқу әдістемелік жұмыстар бойынша проректоры М.Ә. Төлегеннің төрағалығымен маңызды мәжіліс өтті. Көтерілген басты мәселе оқу орнының 2013 – 2014 оқу жылында оқу жоспарына барлық мамандықтар бойынша «Ұлылардың ұлағаты» элективті пән енгізу. Ондағы мақсат – қазақ халқының ұлы тұлғалары А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов, Ы.Алтынсарин, Ш.Уалихановтардың тарихи мұраларын студенттерге оқыту. Материалдар жинақтап, ұйымдастыру шараларын жүргізу үшін арнайы жұмыс тобы құрылды. Оған Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, әлем тарихы, құқық және экономика негіздері кафедраларының профессорлары кірді. Жұмыс тобының алға қойған міндеттерінің қорытындысы 2013 жылдың тамыз айында тағы бір талқыға түсетін болады.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Рухани Жаңғыру Іс-шаралар хроникасы «Ұлылардың ұлағаты»