«Жыл әдіскері»

31.10.13 «Өрлеу» БАҰО АҚ 2013 жылдың 31.10-01.11 күндері 39 жоғары оқу орны факультеттерінің әдістемелік бюроларының мүшелері қатысқан Республикалық «Жыл әдіскері» байқауы өткізілді.
Байқау әдіскерлердің үздік жұмыс тәжірибесін анықтап, қолдау, әдіскерлердің кәсіби шығармашылығын ынталандыру, мәртебесін көтеру мақсатында өткізілді.
Бірінші кезеңде қатысушылардың электрондық портфолиосы ұсынылды, нәтижесінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтынан қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Абдрашева Әлия Қажымұқанқызы байқауды жалғастыруға жолдама алды.

Алматы қаласында өткен қорытынды кезеңінде әділқазылар алқасы 3 жүлделі орын және 5 номинация тағайындады. Біздің қатысушымыз, Әлия Қажымұқанқызы «Ең жас әдіскер» номинациясы бойынша марапаттау қағазымен және Республикалық «Жыл әдіскері» байқауына қатысқандығы үшін «Өрлеу» БАҰО АҚ «Жыл әдіскері» сертификатына ие болды.
Институттың басшылығы және педагогикалық ұжым Әлия Қажымұқанқызын байқауда қол жеткізген жетістіктерімен құттықтап, еңбегіне жеміс тілейді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз