Біздің қызметкерлер Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің алғысына бөленді
- Подробности
- Опубликовано: 30 декабря 2013
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының тапсырмасына сәйкес 2013 жылдың маусым айында Ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) өткізуге Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының келесі қызметкерлері: Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы, тарих магистрі Анасова А.Б., информатика кафедрасының аға оқытушысы Оспанова Ш.Б., мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру кафедрасының оқытушысы, педагогика және психология магистрі Кузинёва Е.Г., психология кафедрасының аға оқытушысы Тойымбетова Д.С. еліміздің әр өңірлеріне министрлік тарапынан жіберілген болатын. Аталған қызметкерлерге Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы білім беру жүйесіндегі тестілеуді ұйымдастыру мен өткізудегі жүктелген міндеттерді жоғары кәсіби деңгейде және белсенді атқарғандығы үшін алғыс жарияланды. 2013 жылдың 30 желтоқсанында институтымыздың оқу және әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректоры Төлеген М.Ә. министрліктің алғыс хаттарын салтанатты түрде табыс етті. Мұхтар Әділбекұлы өз тарапынан қызметкерлерге алғысын білдіре отырып, өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беру жолындағы ерен еңбектерін жоғары бағалап, болашақта жоғары жетістіктерге жете берулеріне тілектес екендігін білдірді.