Ашық есік күні
- Подробности
- Опубликовано: 18 апреля 2014
2014 жылдың 18 сәуірінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында Ашық есік күні өткізілді.
Институт қабырғасында аталмыш іс-шараны жыл сайын ұйымдастыру дәстүрге айналған.
Ағымдағы жылы Ашық есік күніне Қостанай қаласы мен облысы мектептерінен 550 астам оқушы қатысты. Қала мектептерінің оқушылары түгелдей қамтылды. Сонымен қатар, Рудный қаласында орналасқан 7 мектептің және Лисаковск қаласынан 2 мектептің түлектері келді. Ашық есік күні іс-шарасына аудандық мектептердің түлектері белсенді атсалысты. Сонымен, Қостанай ауданынан 17 мектептің оқушылары, Сарыкөл, Әулиекөл, Қарасу, Таран аудандарының әр қайсысынан 5 өкіл келді. Ашық есік күніне колледж түлектері де қызығушылық танытып қатынасты. Институт ұжымы Қостанай қаласы мен облысының 8 колледжі өкілдерін қарсы алды.
Институт ректоры, география ғылымдарының кандидаты, профессор, Баймырзаев Қуат Маратұлы, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының түлегі, педагогика ғылымдарының кандидаты, білім саласындағы бақылау Департаментінің директоры Даумова Батима Бексултановна, "Орыс тілі мен әдебиеті" мамандығының 2 курс студенті, оқу озаты, Қостанай қаласы физика-математикалық лицейінің түлегі Токмурзина Айымбота және ҚМПИ профессоры, биология ғылымдарының кандидаты, "биоалуантүрлілік" ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері Пережогин Юрий Викторович педагог мамандығының мәртебесі жөнінде сөз қозғады. Түлектер оқуға түсу мерзімі мен оқуға түсуге қажетті құжаттама тізімімен танысты. Салтанатты шарадан соң түлектерді факультеттерге шақыртып, болашақ мамандықтарының қыр-сырын танытты, лабораториялар мен шеберханалар, мұражай бойынша экскурсия жүргізді. Түлектер оқытушыларға, студенттерге, декандар мен кафедра меңгерушілеріне көкейлеріндегі сауалдарын қойды.
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты түлектерге есіктерін айқара ашып, қарсы алуға дайын!