Институттың 75 жылдығына арналған қорытынды студенттік ғылыми-практикалық конференция
- Подробности
- Опубликовано: 23 мая 2014
2014 жылғы 23 мамырда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында жыл сайынғы қорытынды студенттік ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияға республикалық, жооралық және факультеттік олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпаздары қатысты.
Бұл - ғылыми студенттік өмірдегі басты оқиғалардың бірі болды. Ғылыми-зерттеу жұмысы әр студентке өзі таңдаған ғылым саласындағы білімдерін жетілдіріп, ой-өрісін дамытып, ғылыми жетекшілерінің жетекшілігімен ғылыми-зерттеу, ғылыми-тәжірибе дағдыларын қалыптастыруға бірден-бір септігін тигізеді.
Ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру және оның жетістіктері жайлы «Педагогика және психология» мамандығының 3 курс студенті Тоғжан Молдашева, «Тарих» мамандығының 4 курс студенті Оразбек Әбсаттаров, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс студенті Мерей Тәжібаева, «Шетел тілі: 2 шетел тілі» мамандығының 4 курс студенті Раушан Сәтмағамбетова мен «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 2 курс студенті Дамир Гринев баяндама оқыды.
Конференцияға қатысушылар мен ғылыми жетекшілер көтерген мәселелер сын тұрғысынан қызу талқыға түсіп, институт ғалымдарының қызығушылығын тудырды.
Баяндамалар бойынша жарыссөзге білім саласындағы тәжірибесі мол ғылыми жұмыс және шетелмен байланыс жөніндегі проректор, тарих ғылымдарының докторы, профессор Еркін Аманжолұлы Әбіл; Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Галина Оразқызы Қарпықова қатысты. Қорытынды студенттік конференцияның барлық қатысушылары мен факультет декандары мақтау қағаздарымен марапатталып, ең үздік ғылыми жұмыстар «ҚМПИ хабаршысы» арнайы шығарылымында жарық көрді.