Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі Кеңестің ХIX көшпелі отырысы
- Подробности
- Опубликовано: 19 сентября 2014
2014 жылғы 19 қыркүйекте ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы аясында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының мәжіліс залында «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының қатысушыларымен кездесу өтті.
Іс-шараға институт ректоры, профессор Қ.М.Баймырзаев, ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты М.М.Бегентаев, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Т.О.Балықпаев, Ұлттық экономика вице-министрі К.А.Өскенбаев, сонымен қатар қоғам қайраткерлері, жастар ұйымының өкілдері қатысты.
Сөз сөйлегендердің пікірі бойынша бюджеттік несиелерді мерзімінен бұрын өтеу үшін қаржы механизмдерін әзірлеу қажет.
Жұмыс орнын сол аудандағы бір ауылдан екінші ауылға ауыстыру мүмкіндігі, бағдарлама қатысушыларын тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері қызу талқыға салынды. Бұл орайда бағдарлама қатысушыларына берілетін көтерме ақыны көбейту, сондай-ақ оларға жатақхана және тұрғын үй беру туралы да айтылды. Отырысқа қатысушылар алынған гранттарды мемлекеттік кәсіпорындарда ғана емес, жеке кәсіпорындарда да пайдалану туралы ұсыныс жасады.