"Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі"
- Подробности
- Опубликовано: 28 ноября 2014
2014 жылдың қарашасында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында 2014-2015 оқу жылының түлектерін алдын-ала жұмыспен қамту мақсатындан "Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі" өткізілді. Аталмыш іс-шараға қалалық және облыстық білім басқармаларының өкілдері, мектеп директорлары, Қостанай қаласы колледждерінің өкілдері, мектепке дейінгі мекемелердің директорлары мен әдіскерлері қатысты. 23 мамандық бойынша білім алатын студенттер "Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің" қатысушыларымен кездесті. Нәтижесінде түлектердің 20 % облыстық мектептерде өндірістік (педагогикалық) практикадан өтіп, кейін сол жерге жұмысқа орналасу мүмкіндігін иеленді.