Жоғары оқу орны мен жұмыс берушілердің жас мамандарды жұмыспен қамту мәселесі бойынша ықпалдастығы
- Подробности
- Опубликовано: 28 ноября 2014
2014 жылдың 28 қарашасында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының мәжіліс залында Қостанай, Рудный қалаларының білім басқармаларының басшылары, аудандық білім бөлімдерінің басшылары, директорлар мен олардың оқу және тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарлары, Қостанай қаласы мен облысының жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдердің қатысуымен "Жоғары оқу орны мен жұмыс берушілердің жас мамандарды жұмыспен қамту мәселесі бойынша ықпалдастығы" тақырыбында дөңгелек үстел жұмысы өткізілді.
Дөңгелек үстел мәжілісін ҚМПИ оқу және әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор, заң ғылымдарының докторы, PhD философия докторы Төлеген Мұхтар Әділбекұлы. Ол болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлауда педагогикалық жоғары оқу орны мен мектептердің әлеуметтік әрекеттестігігінің маңыздылығын атап көрсетті.
Білім басқармасы басшысының орынбасары Сюндикова Д.Ж. Қостанай қалалық мектептердің педагогикалық кадрларын даярлау және қайта даярлау мәселесіне кеңінен тоқталды.
Педагогика кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Өтегенова Б.М. "Жас педагогтар мектебіне" психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қажеттігін алға тартты. Федоров ауданы Пешков орта мектебінің директоры Костенко В.И. өздерінің мектептеріндегі жас мамандардың жұмысқа орналасу және жұмыс тәжірибесі жөнінде сөз қозғады.
Дөңгелек үстел мәжілісінің модераторы академиялық мәселелер жөніндегі департамент бастығы, педагогикалық ғылымдар кандидаты Кифик Н.Ю. болды.

Дөңгелек үстел жұмысы аяқталғаннан соң:
- педагогикалық жоғары оқу орны түлегінің мектепте 3-5 жыл аралығында бой алдыруын анықтау мақсатында ЖОО, облыстық білім беру басқармасы, аудандық білім бөлімдері, орта жалпы білім беретін мектептен тұратын 4 жақты өзара әрекеттестік құру;
- жоғары санатты педагогтар мен жұмыс берушілерді педагогикалық жоғары оқу орнының білім беру үрдісін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жұмысына жұмылдыру;
- дөңгелек үстелге қатысушылар: педагогикалық жоғары оқу орны мен білім беру ұйымдарының өзара әрекеттестік жасауы, әдістемелік семинарларды, конференцияларды, онлайн-кездесулерді ұйымдастыру, болашақ педагогтарды жұмыспен қамту мәселелсіне байланысты өзара міндеттерді анықтап, облыстық мектептерге ғылыми кеңес беру сынды бағыттарын айқындаған қарар қабылданды.
Дөңгелек үстел жұмысы аяқталғаннан соң 14 ауданнан келген қонақтар институттың болашақ түлектерімен кездесті. Жастарды жұмыспен қамту жөнінде екі жаққа да тиімді байланыс өрбіді.