Жастар конференциясы
- Подробности
- Опубликовано: 29 ноября 2014
2014 жылы 29 қараша күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында «Тұлғаны дамыту - деструктивті діндерге еліктеудің алдын алудың негізі» деген тақырыпта жастар конференциясы өтті. Бұл іс-шара Қостанай облысы әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы және «ҚР практикалық психологтар ассоциациясы» жүзеге асырып жатқан жастар арасындағы діни экстремизмнің алдын алу жобасы аясында өткізілді. Конференция жұмысына ҚМПИ, ҚМУ, ҚАЖК Академиясының, мемлекеттік мекемелердің, діни конфессиялардың, БАҚ-ның өкілдері және жастар ұйымдарының жетекшілері қатысты.Конференцияның мақсаты жастар арасында құқықтық сауаттылық деңгейін көтеру және толеранттылық пен конфессияаралық келісім идеясын жүзеге асыру, сын тұрғысынан ойлауды дамыту арқылы діни экстремизмнің алдын алу, жастарды өз қатарларының арасындағы алдын алу жұмыстарына тарту.
Конференцияға қатысушылар секция жұмыстарына ат салысты, секцияларда Практикалық психологтар ассоциациясының төрағасы А.В. Куликов және Деструктивті діндердің қызметінен жапа шеккендерге көмек көрсету орталығының жетекшісі Ю.А. Калюжная көшбасшылық қабілеттерді дамыту және сын тұрғысынан ойлау бойынша тренингтер өткізді.
«Күзет мұнарасының сыртындағы әңгіме» секциясында Рудный қаласының «Иегова куәгерлері» діни бірлестігінің бұрынғы қауым бастығы Александр Михайлов осы ұйымдағы 10 жылғы жеке тәжірибесімен бөлісті, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Конференция соңында Деструктивті діндердің қызметінен жапа шеккендерге көмек көрсету орталығының жетекшісі Ю.А. Калюжная конференция нәтижелерін тұжырымдады, жиналғандардың пікірі бойынша жастар арасындағы діни экстремизмнің алдын алудың негізгі шарттары – қоғамымыздың өзекті мәселелеріне жастардың назарын аудару, дін саласындағы өз білімдерін жетілдіру, алдын алу және түсіндіру жұмыстарының жаңа механизмдерін жасау.