Ашық есік күні
- Подробности
- Опубликовано: 05 декабря 2014
2014 жылдың 5 қарашасында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында Ашық есік күні өткізілді.
Аталмыш іс-шараның біздің қара шаңырағымызда жыл сайын өткізілуі дәстүрге айналған.
Ағымдағы жылы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының Ашық есік күніне Қостанай қаласы мен облысынан 350-ге жуық оқушылар қатысты. Қостанай қаласының мектептері түгел атсалысты. Сонымен қатар, Рудный және Лисаков қалалары мектептерінің түлектері келді. Аудандық мектептердің түлектері де жиналды. Қостанай ауданынан 7 мектептің өкілдерін қарсы алдық. Ашық есік күніне колледж түлектері де қызығушылық танытты, Қостанай қаласы мен облыстың 3 колледждің өкілдері қатысты.
Барлық қатысушылар институттың тарихымен, барлық мамандықтар бойынша жасалған жарнамалық жобалармен кеңінен танысты. Институт студенттерімен ұйымдастырылған мектептер мен колледждердің түлектерінің назарына концерттік бағдарлама ұсынылды.
Педагогикалық институттың мамандықтары бойынша және педагог қызметін насихаттау мақсатында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының оқу және әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры, заң ғылымдарының кандидаты, PhD философия докторы Төлеген Мұхтар Әділбекұлы мен биоалуантүрлілікті ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, Қазақстан Республикасы білім бері ісінің құрметті қызметкері, ҚМПИ профессоры, биология ғылымдарының кандидаты Пережогин Юрий Викторович және «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 3-ші курс студенті, оқу озаты, Қостанай қалалық физика-математика лицейінің түлегі Тоқмырза Айымбота сахна төрінен сөз сөйледі.

Түлектер оқуға түсу үшін тапсырылатын құжаттар тізімімен, оқуға қабылдау жөніндегі ақпаратпен толыққанды хабардар болды. Іс-шараның ресми бөлігі өткізілгеннен кейін түлектерді, оларды болашақ мамандықтарымен жан-жақты таныстыру үшін факультеттерге шақырды. Факультеттерге, зертханаларға, шеберханаларға, мұражайларға сапар жасалынды. Түлектер көкейлеріндегі сауалдарына оқытушылар, кафедра меңгерушілері, декандар мен студенттердің тараптарынан жауап алды.
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты болашақ студенттері үшін есігін айқара ашуда!
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты болашақ студенттері үшін есігін айқара ашуда!