«ЖОО үздік оқытушысы»

best teach2014 жылғы 30 желтоқсандағы «ЖОО үздік оқытушысы» атағын беру туралы Республикалық конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес біздің оқу орнының үш оқытушысы: ғылыми жұмыс және шетелмен байланыс жөніндегі проректор, тарих ғылымдарының докторы, профессор Еркін Аманжолұлы Әбіл, оқу және әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор, философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор Мұхтар Әділбекұлы Төлеген және Қазақстан тарихы кафедрасының доценті м.а., тарих ғылымдарының кандидаты Өтеген Ихсанұлы Исенов лайық деп танылды.
Аталған грант оқытушылардың ғылыми біліктіліктерін арттыруға ықпал етеді, «ЖОО үздік оқытушысы» конкурсында жеңіске жету әлемнің алдыңғы қатарлы университеттерінде тағылымдамадан өтуге, халықаралық және республикалық ғылыми конференциялар, симпозиумдар мен конгресстерге қатысуға, сондай-ақ ғылыми-оқу әдебиеттерін шығарумен айналысуға зор мүмкіндік береді.«ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын қаржыландыру –Президент пен мемлекеттің жоғары оқу орындарының қызметкерлеріне деген қамқорлығының айқын көрсеткіші

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Рухани Жаңғыру Іс-шаралар хроникасы «ЖОО үздік оқытушысы»