Институттың профессор-оқытушылар құрамының проректормен кездесуі

sobr06.02.152015 жылдың 6 ақпанында оқу және әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор Мұхтар Әділбекұлы Төлеген бекітілген кестеге сәйкес профессорлық-оқытушылар құрамымен және бітіруші курс студенттерімен кездесті.
Кездесу барысында оқу процессін ұйымдастыру бойынша негізгі мәселелер қаралды: 2014 – 2015 оқу жылындағы екінші жарты жылдықтың басталуы, студенттердің сабаққа қатысуын бақылау, студенттердің педагогикалық практикадан өтуі және басқа да көптеген мәселелер қаралды. Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті тарапынан өткізілетін алдағы мемлекеттік аттестаттау және бітіруші курс студенттерімен аттестаттау барысында жүргізілген дайындық жұмыстарына басты назар аударылды. Кафедра меңгерушілері бітіруші курс топтарының тест тапсырмаларымен қамтамасыз етілуі және кураторлардың жұмысы туралы ақпаратпен бөлісті.

 

06.02.15

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Рухани Жаңғыру Іс-шаралар хроникасы Институттың профессор-оқытушылар құрамының проректормен кездесуі